Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі

21 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Физика
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)
Нүктелік заряд дегеніміз не?
Кулон заңы?
Кулон заңының формуласы?
Кулон тәжірибе жасау үшін нені қолданды?
Пропорционалдық коэффициенті нешеге тең?
Кулон заңы орындалу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
Электр зарядының өлшем бірлігі?
Электр тұрақтысы нешеге тең?

Жiпке зарядталған гильзаны iлiп, оған электрленген шыны таяқшаны жақындатайық. Олар бiр - бiрiне тiкелей тиіспесе де жiпке iлiнген гильза өзiнiң вертикаль қалпынан ауытқып, шыны таяқшаға тартылады Осыдан зарядталған денелер бiр - бiрiмен тiкелей тиiспесе де әсерлесетiнiн көремiз. Осы кезде бiр денеден екiншiсiне әсер қалай берiледi? Мүмкiн, бар мәселе олардың арасындағы ауада шығар?

Мұны тәжiрибе жүзiнде анықтайық. Зарядталған электроскопты (шыны пластикалары алынған) ауа сорғыштың қалпағының астына қойып, одан ауаны сорып тастаймыз. Сонда бiз ауасыз кеңiстiкте де электрокоптың жапырақшалары бiр - бiрiнен тебiлетiндiгiн көремiз. Демек, электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды.

Зарядталған денелердiң өзара әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?
Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М. Фарадей (1791 – 1867) және Дж. Максвелл (1831 – 1879) өз еңбектерiнде бердi.
Фарадей мен Максвеллдiң еңбектерiне сүйенсек, зарядталған денелердi қоршап тұрған кеңiстiк, басқа денелердiң айналасындағы кеңiстiктен өзгеше. Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады. Электрлiк әсерлесу осы өрiс арқылы жүзеге асады.

Электр өрiсi – кез - келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкiн емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады.

Жаңақорған аграрлы - техникалық колледжі
Пән мұғалімі: Алпамышева Қарлығаш
3 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар)
Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс (Конденсаторлар) Потенциал ұғымын қалыптастыру, өрістің энергетикалық сипатын, потенциал айырымы мен кернеулік арасындағы байланысты
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: өріс, электр өрісі, кернеулік – электр өрісінің күштік сипаттамалары, физикалық мағынасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.
Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы
Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарқынбаева Майра Нұрғалиқызы
Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі
Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сукашева Әлия Айсеевна
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×