Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім жәрмеңкесі

13 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Білім жәрмеңкесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тарихынан білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: Түрлі дерек көздерімен жұмыс жасай білушіліктерін, ізденімпаздықтарын, сөйлеу тілдерін дамыту
Тәрбиелік: Тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ойын шартымен таныстыру
Жоспары:
1 - кезең «Бәйге»(топбасшылар сайысы )
2 - кезең «Мені түсін»(сұрақ - жауап )
3 - кезең «Ойлан, тап»
4 - кезең «Көкпар»(топтық жұмыс)
5 - кезең «Жұмбақтар»
6 - кезең Қорытынды

1 - кезең «Бәйге»
І - топ
1. Азамат соғысының басталуы? (1918)
2. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы? (1918ж)
3. Қазақстанда неше облыс бар?(14)
4. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды? (1945ж)
5. ҚР - мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды? (1991ж 16 желтоқсан)
6. Қазір дүниежүзінде қанша қазақ бар? (12 млн. астам)
7. 1921 ж 20 - 31 қаңтарда әлеуметтік қазақ және қырғыз кедейлерге қандай реформа жүргізілді? (жер - су)
8. Қазақ хандығының негізін қалағандар? (Керей мен Жәнібек)
9. Қазақстанда қай жылы Біріккен Ұлттар ұйымының мүше болды? (1992ж)
10. Соғыстан кейін ақша реформасы жасалған жыл? (1947ж)
11. Азамат соғысының аяқталуы? (1920)
12. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы? (1914ж)
13. С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14 жылға)
14. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы?(1939ж)
15. ҚР «Ата Заңы» қашан қабылданды?(1995ж30 тамыз)
16. Қазақстанда қанша қазақ тұрады?
17. 1921 жылы құрылған кедейлер одағы қалай аталады? (Қосшы)
18. «Қазақ»апталық газетінің редакторы? (А. Байтұрсынов)
19. Қазақстан қай жылы Ұлттық валютасын айналымға шығарды? (1993ж)
20. Карточкалық жүйенің жойылған жылы? (1947ж)

ІІ топ
1. Қазақстанда тұңғыш рет Президент лауазымы қашан тағайындалды?(1990 жылы 24 сәуірде ҚКСР Жоғары Кеңесінде)
2. Не үшін қазанның 25 - сі Республика күні болып аталады?(1990 жылы 25 қазанда ҚКСР ЖК сессиясында ҚКСР - нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды)
3. Семей ядролық қару сынағы полигоны қашан жабылды? (1991жылы 28 тамызда Республика Президенті Жарлығымен)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әбәкіров қашан ғарышқа аттанды? (1991 жылы 2 қазанда)
5. Қазақстанда бірінші бүкілхалықтық президенттік сайлау қашан болды? (1991 жылы 1 желтоқсан)
6. 1853 жылы Ақмешітті кім басып алды? (Перовский)
7. 1916жылғы патша жарлығына қарсы шыққандар кімдер? (Бокин, Рысқұлов, Жангелдин)
8. ҚР - ның Конституциясы қашан қабылданды? (1995жылғы 30 тамыз)
9. Голощекин Сталинге қашан хат жазды? (1931жыл желтоқсан)
10. Ұлы Абайдың 150 жылдығы нешінші жылы тойланды? (1995 жылы )
11. ЮНЕСКО шешімімен 1996 жыл қалай аталды? (Жамбыл жылы)
12. 1997 жыл қалай аталды? (Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу, жалпыұлттық татулық жылы)
13. М. О. Әуезов қай жылы жүзге толды? (1997ж)
14. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2030»атты стратегиясы қашан жарияланды? (1997ж 10қазанда )
15. 1991 - 1997 жылдары Қазақстанға басқа елдерден қанша қазақ көшіп келді? (164 мыңға жуық)
16. «Ұлттық тарих жылы» болған жыл? (1998жыл)
17. Ақмоланың атауы қашан Астана болып өзгертілді? (1998 жылы 6 мамыр)
18. Астананың тұсаукесер рәсімі қашан өтті? (1998жыл 10 маусым )
19. «Халық бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы» жылын ата? (1999ж)
20. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қашан тойланды? (2005жыл)

2 - кезең «Мені түсін»
І - топ
1. «Қазақтардың аз адам болып шоғырлануын бүлік деп санаңдар, ондайды басып – жаныштаңдар, болыстыққа үрей таратып, бүлікшілерді тұтқындаңдар, далалық сотқа беріңдер, бірден дарға асыңдар... Күдікті деп есептелгендерден кез - келген ұсталса, басқаларға үлгі болу үшін дереу дарға асыңдар» деп өзіне бағыныштыларға телеграфпен нұсқау берген кім? (Верныйдың әскербасшысы Фольбаум)
2. Ол Қазақстанға келісімен, ауылда Кеңес өкіметінің әлі де орнамағанын, онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты: «ауылда Кіші қазан төңкерісін жасау қажет. Байға қарсы тап күресінде кедейлерге көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз. Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезінген жоқ» дегенді айтып, Қазақстанда «Кіші Қазан» революциясын өткізу идеясын айтып Сталинге хат жазған кім? (Ф. Голощекин)

ІІ - топ
1. Қазан революциясын «Алаш» партиясы мен оның басшылары да қабылдамады. Сол кездегі Сырдария облысының Әулиеата депутаттары кеңесінің төрағасы болған, Қазақ большевиктерінің белгілі басшысы Түркістанның ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатына «Мыңдаған адамдар осы уақытқа дейін Кеңес өкіметінің не екенін нашар түсінеді және оның үгіті халыққа жете қойған жоқ»деп кім жазды?(Т. Рысқұлов)
2. 19 ғасырда Түркістан қаласы 5 бөлікке бөлінді. Олардың төртеуі қала қақпаларының аттарымен аталады. Ишан қақпа, Баб - Араб қақпа, Жеті - Ата қақпа және Дарбаза қақпа. Ал бесінші бөлігінде Яссауидің кесенесі, түрлі діни құрылыстар мен Қоқан гарнизоны солдаттарына арналған казармалар және Яссауи ұрпақтары деп аталатын қожалар тұратын үйлер орналасқан болатын. Осы бесінші бөлік қалай аталады? (Цитадель)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі
Павлодар облысы, Железин ауданы, Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Женисгуль Жанабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×