Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз

04 қазан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты тақырыпта ересектер және мектепке даярлық тобында өткізілген ертеңгілік сценарийі.

Көңілді музыка ырғағымен мерекеге сай безендірілген залға келіп өз орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы,
Ана деген – өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы.
Ана деген – тіл жетпейтін керемет,
Көз алдымда бейнең биік тұрады, – демекші балалар 8 - наурыз біздің сүйікті аналарымыз бен аяулы әжелеріміздің мерекесі. Олай болса балалар әжелеріміз бен аналарымызға арнаған ертеңгілігімізді бастайық.
Жарқыраған әсем көктеміміз де келіп қалды.
(Осы кезде көктем келеді).
Көктем: Армысыңдар балалар,
Аяулы, асыл аналар.
Бар жылылық, шапағат,
Мен арқылы таралар.

Өттім талай белдерді,
Сағынып жеттім сендерді.
Ала келдім өзіммен,
Қызыл, жасыл гүлдерді.
Армысыздар мерекелі де берекелі елім! Көктем мерекесі, аналар мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келіпсіз, ару көктем. Төрге шығып біздің бүгінгі мерекеге арнаған өнерімізді тамашалаңыз.
Көктем гүлі: Көктемнің нәзік гүлімін
Қызғалдақ атты түрімін.
Қуанышпен өтер менің
Кешегі күнім, бүгінім.
Көктем: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырсам, шешуін табасыңдар ма?
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)

Жерге тырс, тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.(Күн)

Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Жүргізуші: Жұмбағыңыз тамаша екен. Енді сізге арнап тамаша бір ән айтып берейік.
Ән: «Келді көктем».
Тақпақтар:

Айсана: Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді
Нұрландырған сияқты.

Алимир: Достықты да ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.

Алибек: Гүл - гүл жайнап бәріміз,
Кірді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.

Жанерке: Келіп көктем құстары,
Бау бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.

Би: «Ақ гүлдер».

Жүргізуші: Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.
Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.
Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?
Ана халқына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×