Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көркемөнерпаздар» драма үйірмесі

22 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Отырар» дастаны сахналық қойылымы.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ежелгі Отырар қаласының тарихымен таныстыру. Қазақтың тарихынан тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзін ұстауға дағдыландыру.

Көрнекіліктері: көрпе, жастық, патша тағы, интер тақтадан «Отырардың күйреуі» фильмінің үзінділері көрсетіліп тұрады, т. б
Барысы: Үнтаспадан күңіренген әуен естіледі, интерактивті тақтадан Отырардың қирап жатқан ежелгі суреттері көрсетіліп жатады.

Автор: ХI - XII ғасырда Отырар қаласы мәдениеті дамыған әсем қала болады. 1218 жылы Отырар қаласының билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтіріледі. Бұл оқиға Шыңғысханның Орта Азияға шабуыл жасауына себеп болды. Тарихта бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. 1219 жылы монғолдар қаланы қиратып, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетті.
Әуен тоқтап, сахнада Шыңғысхан қаһарланып отыр. Қасында нөкерлері және басын төмен салып Баласы Шағатай тұр.

Шыңғысхан:
- Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау,
Ойы – дауыл,
Сезімі – аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда.
(Шағатайға оқты көзін қадайды).

Шағатай:
- Осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар бәлкім,
Алдырмай тұр сол қамал.
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітім желге ұшты,
Қанша әскерім жер құшты,
Дала жатыр қызыл қанға боялып.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы - ер, Тәні – бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.

Шыңғысхан:
- Шалалаусың (жымияды)
... Қай кезде де айла кескен нарықты,
Жақын барып, үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым жеңіс тауына.
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
Жауың мықты,
Бұған сірә, таласпан,
Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса - қайсы?
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ әр кез сенің жүру керек басыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!

Шағатай: - Ұқтым әке! (басын иеді)

Сахна шетінде 1 - автор:
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар,
Алты - ақ күнде жермен жексен қирады.
Ақыл – ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.

Сахна шетінде 2 - автор:
Үш күннен соң екі адамды Шыңғысханға ап келді
Оның бір – аты аңызға айналған,
Алты ай бойы Отырарды
Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Йассауидың жырларын
Таңнан – таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әрі өзгеше ел басқару мәнері
Отырардың қайыр атты ханы еді.

1 - автор:
Екіншісі – қара мұртты, қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын.
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан,
Түлкі – сайға, қырын өрге тырмысқан,
Екеуіне алма – кезек көз тастап,
Ұзақ үнсіз ойға шомды Шыңғысхан.

Шыңғысхан:
Ия, Қайырхан, (сәл ойланып кідіріс жасайды)
Рух ердің өзегі ғой қайда да,
Ең әрісі – жеңілістің өзін де
Шешкім кеп тұр өзіңнің пайдаңа.
Жігіттерім рухың қармақты
Салмақ болып, тәніңді әбден қорлапты.
Қорлапты әбден
Құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә!
Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенменен тәніңді,
Амал нешік жеңе алмапты жаныңды.
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой!
Шіркін сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дархан күйге мені
Бүкіл әлем билер еді!
Аяғымның астында
Ха - ха - ха - ха! Ал мына бір сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды?
Ха - ха - ха - ха!
Қайғылы әрі күлкілі,
Қайран аңқау дара тұлға
Аңғармайсың қанатыңа жасырынған түлкіні!
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билігін.
Қарашоқы: (бағанадан бері масаттанып тұрған Қарашоқы мына сөзден кейін шошып кетті)
- Ұлы ханым!
Әділдік пе мұныңыз?
Өле – өлгенше боп өтейін, құлыңыз,
Отырарды мен қол ұшын бермесем,
Онай жаулап алар ме еді ұлыңыз.
Шыңғысхан: (Түнеріп, орнынан тұрады)
Оған дау жоқ
Сенен асқан бар ма тірі өлік?
Қастерлінің бәрін жыққан табанға
Азғын сен бе?
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса, қасиетті бір сезім,
Қалу керек емес пе әрбір адамда?
Рас, менің нөкерлерім безбүйрек.
Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
Олар тіпті өкшесімен езгілеп,
Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі.
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?
Құлақ түрер кім қалды енді сенің зарыңа?
О дүние сапарына сатқыным,
Сеніп аттан әділдіктің барына.

Шыңғысхан нөкерлеріне қарап, бұйрық береді)
- Қане, қылыш ұстатыңдар,
- Қайсар батыр Қайыр ханның қолына!

Қайыр: - Тоқта, Шыңғыс: (дауысы саңқ етіп)
Бұл баланың әкесі бір нар текті,
Адам еді елге сыйлы, зиялы,
Адам еді адал ұшқыр қиялы.
Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы
Оны ойласам от жүрегім қан болар,
Сеніміме одан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең, әкесі бұл сатқынның
Осы араға алдырғаны жөн болар.
(Шыңғысхан нөкерлеріне бұйрық береді)

Шыңғысхан: Алдырыңдар әкесін:
(Қаба сақал қарт кісіні алып келеді)

Қайыр:
Жылан туса жыланнан,
Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан? (басын төмен салып)

Қария:
- Сыйлы басым қуарды,
Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды,
Заман бүгін өтірікке шығарды.
Әділі сол, көнбе мейлің, көн мейлің.
Әр адымы қиындаған,
Адал өлім бұйырмаған
Менен сорлы жан бар десең сенбеймін
Көрінетін бетім бар ма еліме?
Мына сатқын перзентіме қосақтап,
Өлтіруге міндеттісің мені де!
Азғындақтың соңы бізбен құрысын
Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.

Шыңғысхан:
Өкінгенмен болмайды,
Ешкімге де берілмейді бас сауға.
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға
Отырырда еркек кіндік қалмайды.

Қария: (Қарашоқының әкесі)
- Қателестің қалады,
Жұма бұрын
Шеткі Елші қақпадан Жүзін жалын қақтаған
Мен құтқарып жібердім бір баланы

Қайыр:
- Бәрекелді, (жүзі көтеріліп)
Бұл еңбегің жарады,
Бірақ одан ұрпақ тарап,
Одан ақын туғанша,
Ал, ол ақын ата жолын қуғанша,
Кеудесіне сиғызғанша даланы,
Талай өзен ағып өтер..... (деп үнсіз ойланып, тізерлеп отыра кетеді)

Күңіренген әуен ойнайды, сахна жабылады
12 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Конспект 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен
Моңғол шапқыншылығы
Моңғол шапқыншылығы
Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
М. Шаханов «Отырар» өлеңдегі биік елжандылық (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру. Сабақтың типі: аралас сабақ
Мұхтар Шаханов "Отырар"
Мұхтар Шаханов "Отырар"
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев мектебінің тарих пәні мұғалімі Э. Е. Исмагулова
Отырар - қаһарман қала
Отырар - қаһарман қала
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×