Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы жеңіс - жасасын!

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен таныстыру. Соғыс ардагерлерінің ерліктерімен, тыл еңбеккерлерінің, елдегі халықтың көмегі, сол замандардың балаларының, елдің тыныс - тіршілігімен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы альбом, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалардың макеттері.
Техникалық құралдар: Проектор слайдтары, CD дискілерінен музыкалар
Өтілу барысы: Сахнаны тақырыпқа сай безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім:
- Құрметті қонақтар бүгін Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осы мерекеге орай біздің сынып оқушылары «Ұлы жеңіс - жасасын!» деген тақырыпта тәрбие сағаты өткелі отыр. Бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігін оқушылар өздері батырларының ерліктері туралы айтқан мәтіндеріміз арқылы барынша жеткізуге тырысамыз.
Слайдтағы суреттерді жүргізе отырып батыр бабаларымыздың ерліктерін әңгімелейміз

1 - слайд 1 - оқушы.
- Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 69жылдығы.

2 - слайд 2 - оқушы
- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес халқы жан - тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

3 - слайд 3 - оқушы
- Осы соғыста Кеңес одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қыздары Мәншүк пен Әлия қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
Жеңіс туы желбіре!
Жеңіс туы желбіре!
Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіс!
Ұлы Жеңіс!
Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы, Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Нұрлыгүл Шауқымқызы
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған.
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×