Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным – менің болашағым

02 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым.
Мақсаты:
1. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактив тақтада дайындалған слайдтар: ата заң туралы мәліметтер,
Видеофильм «Ару қалам Астанам»
Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ - жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.

Сабақтың барысы:
Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».
Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)
Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші отырған балалар бір - біріңмен ойларыңмен алмасыңдар. (1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.
Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
• Еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев қай жылы сайланды?
• Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?
• Қашан Қ. Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ. Р. заңына қол қойылды.
• Қ. Р. Ата заңы қашан қабылданды?
• Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?
• Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.
• Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

• Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Республика. референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР - ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетеді. Кейiнгi екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрі орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан - жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай - ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

• ҚРК - ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды.

Өйткенi, бұл Ата заң ҚР - нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР - ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым - қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР - ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1 - бап, 2 - тармақ).

• Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн - өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде ҚРК - ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК - ның 74 - бабына сәйкес, КРК - на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес.

Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай - ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.
Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды.
9 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті,№3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×