Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің құқықтық алаңқайым

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

ТАҚЫРЫБЫ: «Менің құқықтық алаңқайым»
МАҚСАТЫ:
● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
• әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу
• құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
• өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
• оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ - ЖАБДЫҚТАР: интерактивті тақта, дөңгелете қойылған столдар; стол үстінде фломастерлер, ромашка гүлі салынған қағаз беттері, ромашканың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты); тапсырма салынған конверттер
Дайындық кезеңі. Топтарға бөлу: оқушылар кабинетке кірерде түрлі - түсті қағаздарды таңдап алады, қағаз түсі оқушы қай столға отыратынын көрсетеді (қағаз түсі ромашка гүлінің ортасының түсімен сәйкес болады). Топ атынан сөйлейтін топ басын сайлау.
Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Кіріспе сөз.
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы – «Менің құқықтық алаңқайым».
(Слайд №1 - 3)
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.
Сөздікпен жұмыс.

1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым - қатынасқа қойылатын талап
Мораль - адамның іс - әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды
қалыптастыратын салтанатты акт. (Слайд №4)
Әңгіме.
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Бала құқықтары туралы Конвенция
3. Бала Құқықтары туралы Декларация
4. Азаматтық Кодекс
5. Неке және отбасы туралы Заң (Слайд №5)

2. Топтарға сұрақ

- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?

(Кәмелеттік жасқа толмағандар). (Слайд №6)

3. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?» ). (Слайд №7)
• Аслан әке - шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден - бір күнкөріс көзі – асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.
• Сәбитова Армангул 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата - анасымен бірге тұрады.
• 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата - анасы әуелі оны таяқтан көз аштырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.
• мен 17 жаста үйленді.
• 17 жастағы Темирлан Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін соттады. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.

4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 108
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Балалардың құқықтары
Балалардың құқықтары
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Зорлық-зомбылықсыз күн
Зорлық-зомбылықсыз күн
зорлық - зомбылық дегеніміз не екенін оқушыларға түсіндіру; адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Менің құқығым (ойын-жарыс)
Сабақтың мақсаты: білімділік: құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 21 қаңтар 2016 18:53
0
Бұл тәрбие сағаты өте қызықты өткен екен деп есептеймін. Оқушы мектеп қабырғасында жүргенде, және сабақ үстінде өзін қалай ұстау керек екенінен түсінеді.
×