Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – біздің досымыз!

02 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы,
«Шорнақ» жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Гулдана Әлібекқызы

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз!
Мақсаты: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың мағынасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғауға, оларды қарсы алуға баулу

Түрі: аралас
Әдісі: Дамыта оқыту технологиясының әдіс - тәсілдері. сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Топқа бөлу:
1. Қарлығаш.
2. Қыран.
3. Көгершін.
4. Аққу

Балалар, міне, көктем жаршысы құстар келе бастады.
Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз1 - сәуір десе «Күлкі күні» ойымызға түсуі анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы «құстар күнін»де атап өтеді. 1906 жылдың 1 сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын. Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
- Қане, балалар сендер құстар туралы не білесіңдер?
- Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
-- Бізге жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз ұшып келеді. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
- Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, екіншілері – құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады.
- Құстар біздің досымыз. Олардың бізге пайдасы мол. Мысалға – қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Қараторғай – орман қорғаушылары

Құстарға арналған өлең жолдарын оқу
1. Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,

2. Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.

3. Жаршысы көктемнің
«Көкек» дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең мені күт

4. Құс сұлуы аққу мен,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезіп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
Топтық жұмыс
1.«Қарлығаш» тобы – өздері қалаған бір құсқа тірек сызба жасау

2.«Қыран» тобы - Венн диаграммасы, үй және дала құстары
3.«Көгершін» тобы - құстардың суретін салу
4.«Аққу» тобы – эссе жазу

Сұрақ – жауап сайысы
(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1 Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

2. Қандай құс хат тасушы атанған?
3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады?

4. Құстың негізгі баспанасы?
5. Қай құста мүлде ұя болмайды?
6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар?
7. Қандай құстарды жыл құстары дейміз?
8. Сөйлейтін құс?

Есіңе сақта
 Туған жерге оралып, ұяға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет
 Ұядағы балапанды қолмен ұстауға, қозғауға болмайды. Олай істесең, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетеді.
Қорытынды.
Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Ұпай сандарын есептеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Құс мерекесі
Құс мерекесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×