Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім менің – тірлігімнің айғағы

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақмола облысы Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Маширова Анар Қалымжанқызы

Cабақтың тақырыбы: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту;
2. Тіл үйренушілердің ой - өрісін дамыту мақсатында жатталған мақал - мәтелдерін, дұрыс айтып, мәнін жеткілікті меңгеруге баулу. Тілдің көркемдігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту.
3. Отан, тіл, тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру. Олардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, аудару, тексеру
Сабақтың көрнекілігі: көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, мәтін құрастыру, үлестірме дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру. Түгендеу
1. Психологиялық дайындық.

Ал сабақты бастайық
Терең білім алайық
Бізге келген қонақтарды
Құрметтеп қарсы алайық.

Келген қонақтармен сәлемдесу. (Сәлемдесудің түрлерін көрсету).
Оқытушының кіріспе сөзі:
Құрметті тіл үйренушілер мен әріптестер! Сіздерді халықаралық тілдер мерекесімен құттықтаймын, тілдің мәртебесін көтеріп, тіл үйренуде жоғары деңгейге жетулеріңізге тілектеспін.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар.
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Біз бүгін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізгелі жатырмыз. Сабағымыздың соңында «Қазақ тілінің білгірі» кім болатыны анықталады. Сайысқа екі команда қатысады. Команданың атын анықтау үшін жеребе таратамыз және команда капитанын таңдауымыз керек.
1. Топ « Тарлан»
2. Топ «Алғыр»

Енді әділ қазылар алқасымен таныстырайық - Тілдерді оқыту орталығының директоры:
Тілдерді оқыту орталығының әдіскері:
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
І кезең «Ой қозғау» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек
«Тарлан» тобының сұрақтары
1. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
3. Аптада неше күн бар? Күндердің аттарын атаңыз.
4. Жыл мезгілдері нешеу? Атап айтыңыз.
5. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыздар.
6. Қазақ тілі қандай топқа жатады?
7. «Ата - ана» синонимин атаңыз.
8. «Я живу в независимом государстве» сөйлемді аударыңыз.
9. «Немере» деген кім?
10. «Кенже» отбасындағы қандай бала?

«Алғыр» тобының сұрақтары
1. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
2. Тілдер мерекесі қай айда тойланады?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?
5. Қазақ халқының ұлттық сусындарын атаңыздар.
6. Етістік қанадай сұраққа жауап береді?
7. « Туысқан» сөзінің синоними
8. «Казахстан – многонациональное государство» сөйлемді аударыңыз
9. «Жиен» деген кім?
10. «Тұңғыш» отбасындағы қандай бала?

ІІ кезең. «Сыңарын тап» түсіп қалған мақалдардың сыңарын табыңыз.

«Тарлан» тобынына мақалдары
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)
2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
3. Тіл қылыштан... (өткір)
4. Басқа пәле... (тілден)
5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)
7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)

«Алғыр» тобының мақалдары
1. Білім кілті -... (тіл)
2. Айтылған сөз -... (атылған оқ)
3. Тілден артық... (қазына жоқ)
4. Ең ашы да тіл, ең... (тіл)
5. Піл көтермегенді... (тіл көтереді)
6. Тілге құрмет... (елге құрмет)
7. Өнер алды... (қызыл тіл)

Сергіту сәті «Бір адым» Екі тыңдаушы шығады, белгіленген жерге дейін кез келген сөзді айтып жетуі тиіс. Кім бірінші жетеді сол жеңімпаз.

ІІІ кезең «Аудармашы» мәтінді аудару
«Тарлан» тобының мәтіні
Алматы
Алматы – Қазақстан Республикасының ірі қаласының бірі. Алматы – өте әдемі қала. Ол өндіріс, ғылым және мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, 16 жоғары оқу орны, 8 театр, 13 мұражай бар. Қала маңында әсем жерлерде емханалар, демалыс үйлері және «Медеу» мұз айдыны орналасқан.
Сөздер: өндіріс – промышленный, мұражай – музей, мәденеит - культура

«Алғыр» тобының мәтіні
Біздің мекеме
Біздің мекеме үлкен. Онда көп қызметкер жұмыс істейді. Біздің мекемеде 12 бөлім бар. Әрбір бөлімде 7 маман істейді. Мен жоспарлау бөлімінде істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл мекемеде мен көп жылдан бері жұмыс істеймін. Біздің мекеменің адамдары білгір, іскер. Біздің мекеме Ж. Жабаев көшесінде орналасқан.
Сөздер: мекеме – учреждение, жоспарлау – планировать, іскер - деловой

Мұғалімнің сөзі:
Өнерліге кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен.
Төртінші кезеңді біз бастайық,
Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

IV кезең «Тапқырлар» берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру
«Тарлан» тобына ( ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ) - удовлетворительный
«Алғыр» тобына ( ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ) – простота, обыденность
Жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

V кезең «Мақалдар сайысы» қай топ ең көп мақал - мәтелдер біледі.

VI кезең «Кім жылдам?» тақдада екі командаға екі сөз жазылған, қай команда осы сөздерге көбірек сөз тіркестер қатарын жазады.
«Тарлан» тобының сөзі - ТІЛ
«Алғыр» тобына - ҰЛТ

VI І кезең Команда капитаның сайысы
Екі команда капитандарына екі тақырып беріледі, осы тақырыпқа әр команда ауызша шағын әңгіме құрастыру керек.
«Тарлан» тобының капитанына - Менің жұмысым.
«Алғыр» тобына капитанына - Менің қалам.

VІІІ Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағымыз осымен аяқталды. Бұл сабақта өздеріңіз көріп отырғандай көптеген тіл туралы мақал - мәтелдер, тапсырмалар орындалды. Сіздерге бүгінгі сайыс сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Енді келесі сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Қазақ тілінің білгірі» - «Тарлан» тобы болып анықталды. «Тарлан» тобы «Алғыс хатымен» марапатталады.

Толық нұсқасын жүктеу
19 799
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының 3 класс оқушысы Габдуллинна Динара
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×