Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы

09 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты жас ақындар байқауы
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, жас ақындардың шығармаларымен танысу.
Көрнекілігі: Залды тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер, бейне роликтер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, кеш қонақтары! Сіздерді 22қыркүйек – Тіл мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Өз ана тіліміздің мәртебесін асқақтата білейік!«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты жас ақындар байқауына қош келдіңіздер!
Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан

Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.

«Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты жас ақындар байқауын ашуға рұқсат етіңіздер
Жас ақындарға сәттілік тілеу мақсатында сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орындасары Өмірбек ағайға береміз.( Ағай сөз сөйлейді)
Жүргізуші: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың.
Ортаға ана тіліміз туралы өлең шумақтарын оқитын 5 - сыныптың оқушыларын шақырамын. Сөз кезегі өздеріңізде.

Ақжан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Нұргүл:
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Дильназ:
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Нұрсұлтан:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Нағима:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін

Жүргізуші: Ана тіліміз қазіргі таңда үш тұғырлы тілге айналды. Жастарымыз үш тілді қатар меңгеріп жатыр. Олай болса, үш тілде қатар орындалатын әнді қабыл алыңыздар «Әрқашан күн сөнбесін» әні

Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
Қазақ тілі - ана тілміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды.
Сахнаға назар аударыңыздар! (Арнайы дайындалған бейне көрсетілімдер)
1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі мемлекеттік статус алды. Тіл мерейін көтеру мақсатында Қазақстанның барлық мектептерінде қазақ тілі апталығы өткізілуде. Бүгін іс - шарамыз осы тіл апталығына арналады.

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз тілін қалай сүйе білумен өлшенеді. Бұл туралы ақындар былай дейді.
1. Сүйемін туған тілім – анам тілім,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Содан бері 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру. Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру. Ізденімпаздыққа, шешендікке,
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
Жырлайды жан жүрегім жақсылықты
ОҚО, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жорабекова Сабира
Тіл - халық жанын танудың кілті
Тіл - халық жанын танудың кілті
Астана қаласы, «Энергетика және байланыс колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі қазақ тілі мен әдебиет тәні оқытушысы Кемпирова Айгуль Алтынбековна
Өссе тілім, мен де бірге өсемін!
Өссе тілім, мен де бірге өсемін!
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Салтанат Әбдірешқызы
Танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)
Танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)
Атырау облысы, Индер ауданы, Боран Нысанбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нигметова Самал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×