Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы дала - академигі

31 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ұлы дала - академигі»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Нұрмолда Алдабергенов туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның өз халқына, еліне тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін көрсету. Нұрмолда Алдабергеновтың азаматтық тұлғасын таныту.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл қазақ халқының мақтанышы, колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала - академигі»атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің негізгі мақсаты - Нұрмолдадай ұйымдастырушылық қабілеті жоғары кемеңгер атаның мүддесін түсіну, рухани тарихымызды тану, тұлғаның аяулы бейнесін бүгінгі және келер ұрпақтың есінде қалдыру.

Жүргізуші: Қаршадай күнінен бастап еңбекке араласқан қазақтың қарапайым біртуар ұлы бүкіл ғұмырын туған жерін гүлдендіруге, ауыл тұрғындарының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсартуға арнады.
Жүргізуші: Осы алып тұлғаның аңызға айналған жетістігі, шыққан биігі, қажырлы еңбегі туралы бүгін еске алудың сәті келген сияқты.
Жүргізуші: Ауыл шаруашылығы саласының шебер көшбасшысы атанған Нұрмолда Алдабергеновтің өмірбаянын 11 - сынып оқушысы баяндап береді. (слайд көрсетіліп тұрады)
Жүргізуші: Ән орындалады.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік! Ерекше топ жарған дарын иесінің үлгілі ісін насихаттау, оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыру үшін ауылымыздың ақыны Қ. Жапсарбаевтың «Нұрмолда туралы жыр» атты дастанын 7 - сынып оқушысы Ізтай Қасымхан оқып береді.
Нұрмолда туралы жыр
Талай байдың есігін
Тоздырдым мен жасымда.
Байдан болып несібім,
Ұйықтадым қойдың қасында.
Жаз шыққанда өріске.
Қозыменен бірге ердім,
Жақсылықтың не екенін
Естімедім, білмедім.
Сөйтіп зармен жүргенде
Октябрьдің таңы атты
Елмен бірге күлімдеп
Мен шыңдадым талапты
Талмай жүріп ақыры
Атқан таңға жеттім – ау
Жоқшылықты, құлдықты
Жасымда көп шектім ау
Шаруа болып қуандық
Октябрь таңы атқанда
Біз мәз болып жылындық
Құмырсқадай ұйыстық
Өмір шамын жаққанда
Кекірейіп тұрмадым
Кедейлер дабыл қаққанда
Тілектес болдық қызылға
Ақтар келіп шапқанда
Тілеуін тілеп қызылдың
Маңайынан кетпедік,
Ақ пен қызыл араласып жатқанда
Бай, кедей болып бөліндік,
Екі тапқа ажырап
Советтің нұрлы шуағы
Түсіп тұрды төбемізден жадырап
Темір жолға кірдім де
Еліме арқа тіредім,
Неге шаршап, қажимын
Болғасын қабыл тілегім
Қорықпады жұмыстан
Жастық қайрат жігерім
Екі есе жоспар орындап
Күннен күнге үдедім,
Жатсам ұйқым келмеді
Алып - ұшып жүрегім
Қажымадым, талмадым.
Жұмыстан бір күн қалмадым.
Үш жыл жүріп бір ауыз
Ешбір сөгіс алмадым

Өмірдің создым қолды жаңасына,
Әркімнің ұят болсын санасында.
Бөлініп бай мен кедей екі тапқа
Өмірдің тұрған кезі таласында,
Жоламан, Сарыөзек, Айнабұлақ

Жұмыстан қорқып Нұрмолда
Басын тартып, таймады
Нелер оман арықты
Жалғыз өзі байлады
Нұрмолданы ұнатты
Бар колхоздың аймағы
Көп өтпей - ақ оны жұрт
Бригадир етіп сайлады
Көктемнің жылғы егісі
Бұрын бітті егіліп
Қызылшасы бітіпті
Алдыменен себіліп
Басталды соғыс бір күні
Нұрмолда кетті сұранып
Жүрегінің әмірін
Ар – ожданы құп алып.
Окопта тоңды есіл ер.
Аянбай жауға оқ атты
Жапырағын жанының
Сұрапыл желге тонатты
Соғыс бітті, ол да аман
Ауылына оралды
Жүдеп қалған шаруалар
Ортасына оны алды
Қайта бастық сайлады
Шегінбеді Нұрмолда
Таңнан тұрып далада
Жұртпен бірге жүрді ол да
Жұртпен бірге демалды
Жұртпен бірге күлді ол
Рахатын, еңбектің,
Бала жастан білді ол
Атағы елге жайылды
Құрметтеді бар халық
Талай өлең жазылды
Талай дастан арналып
Еңбек ері атағын
ЕКі рет алды Нұрекең
Сондықтан да тебіреніп
Нұрекеңді жыр етем
Оның өмір жолдарын
Талай ақын жыр етті
Сол бір ұзақ дастанға
Мен жалғаймын жүректі
Жүргізуші: Капиталистік, социалистік екі жүйеде өмір сүріп, өз еңбегімен еліне әйгілі болған Нұрмолда Алдабергенов ағамыздың есімі тарихқа мәңгілікке алтын әріппен жазылған қасиетті де киелі адам.
Әлемнің алдын көрген өрені ме ең?!
Таппадым дәл өзіңдей төрені мен
Білікті жүрек төрден өре білген,
Ту ұстар түркі жұрттың жебері ме ең!
Келесі кезекті әдеби монтажды тамашалау үшін мектебіміздің оқушыларына береміз.(Өлеңдері, арнаулары оқылады).
Жүргізуші:
Аңызын Нұрағаның шерте білсін
Ерліктің ерте ұйытқан ертегісін.
Ар тұнып, алғы күнге ұрпақ өсер,
Тұрғанда кие жерде бөрте мүсін.
Оқушылардың орындауында би тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Жиырмасыншы ғасырда дүниеге келіп өз дәуірінің аса көрнекті қоғам қайраткері, «Дала академигі» атанған екі мәрте социалистік еңбек ері Нұрмолданы еске алғанда, оның ұшқан ұясын, қара шаңырағын жалғастырушы - ұрпағын еске алмасқа болмайды. «Орнында бар, оңалар» демекші атамыздың қызы, мектебіміздің ардагер ұстазы Рабиға Нұрмолдақызына сөз береміз.
Жүргізуші: «Өз ұлын, өз ерлерін, ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»,-
деп Ілияс ағамыз айтқандай, өлең жырдың жүйіткіген жүйрігіне айналған дара тұлға Нұрмолда Алдабергенов атамыздың мұрасы ұрпақтар есінде мәңгілікке сақталады! Нұрмолда атамызды көзін көрген ауыл ағалары мен апайларымызға сөз берейік.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік, қадірменді қонақтар! «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, алып тұлғалардың есімін, еліне сіңірген еңбегімен үлгілі ісін насихаттау, оларды ұрпақтан – ұрпаққа мирас етіп қалдыру – біздің азаматтық парызымыз.
Жүргізуші: Қорытынды сөз мектеп директоры Қилыбаев Қалияс Ештайұлына беріледі.
Жүргізуші: Қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың 110 жылдық мерей тойына арналған «Ұлы дала академигі» атты әдеби сазды кешіміз өз мәресіне жетті.
Көріп тамашалағандарыңызға көп, көп рахмет.

«Көксу ауданы Мұқыры ауылы
Жапсарбаев атындағы орта мектебі»,
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
математика пәнінің мұғалімі
Ж. Ә. Сабырқұлова
4 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!
Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!
Ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен еңбек жолынан ғибрат алып, оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Компьютердің құрылымы
Компьютердің құрылымы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл
Емберген Медіресінұлы Терековтің туғанына 100 жыл
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебі ММ Мұражай жетекшісі: Кенесова Гулмира Кистаубаевна
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Ел мүддесі- ерге сын
Ел мүддесі- ерге сын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО және шет ел
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты  ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×