Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәлем, Жаңа жыл

01 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Сәлем, Жаңа жыл!»
Мерекелік ертеңгілік.

1 - жүргізуші: - Құрметті ата - аналар,
Қадірменді ұстаздар мен
Ең сүйкімді балалар!
- Сіздерді келе жатқан 2018жыл Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа келген жылымыз дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, шадыман шаттық, көңілдеріңізге қуаныш әкелсін деп тілейміз!
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге!
1 - жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2 - жүргізуші:
Кел, жаңа жыл! Төрле - төрле жеріме!
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де! - дей келе
бүгінгі «Сәлем, Жаңа жыл!» атты шағын орталық тобы мен мектеп - алды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жылдық құттықтау сөз: мектебіміздің директоры Қайрат Тұрсынұлына беріледі.

Тәрбиеші: - Балалар, қазір қай мезгіл?
Балалар: - Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: - Мынау қандай мейрам?
Балалар: - Жаңа жыл.
Тәрбиеші: - Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: - Шырша! Тәрбиеші: - Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! - Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! – Қарайықшы. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! - Келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады)
Сайқымазақ: - Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Тәрбиеші -: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, Ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: - Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: - Қане, онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: - Аяз ата, Ақша қар, кел, кел. (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: - Ойбай түрлерін қара! - Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Тәрбиеші: - Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Жалмауыз кемпір:- Білсем бұйырмасын!
Тәрбиеші: - Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. - Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі - мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қой - мап еді, ал, бардым.... Онда кешке дейін тақпақ - әндер жаттатады, ал тәрбиешілері бұрамалы ойыншық сияқты: - Қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? Тәрбиешілері өздері біледі де, білгендерін балалардан сұрайды. Бүйтіп, мектепте оқығанша сыпыртқыма мініп алып жүрмеймін бе?
Тәрбиеші: - Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? Балалар: - Оқимыз, ойнаймыз, тақпақтар жаттаймыз. Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап) - Түсіндің бе? - Сен өзі қайдан шықтың? - Біз Аяз атаны шақырып едік қой?! Жалмауыз кемпір: - Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды «ха - ха - ха» (деп секіреді) Тәрбиеші: - Неге олай еттің? – Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ? Жалмауыз кемпір: - Ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы бола - ды. Бүгінгі сабақта, біз бет - аузымызды қисаңдатып үйренеміз.
Тәрбиеші: - Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: - Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: - Иә!
Жалмауыз кемпір: - Онда, қане жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Тәрбиеші: - Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Тәрбиеші: - Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: - Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: - Саламатсыңдар ма, балалар! – Жаңа жылдарың құтты бол - сын! - Сабақтарыңды «4» пен «5»- ке оқыңдар. - Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. - Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! - Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: - Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады) (Шырша жарқырайды)
Аязата: - Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен, маған? - Сайқымазақ, сен барып Ақшақар қызымды тауып әкелші, жарай ма?
Жүргізуші: - Аяз ата, Сайқымазақ Ақшақар қызыңды тауып әкелгенше бір өлең айтайық, көңілімізді көтерейік.
Хор: «Жаңа жыл».
Жүргізуші: - Аяз ата, менің бір жұмбағым бар.
- Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңғақ бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: - Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар мен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: - Аяз ата, мінекей, орманда жоғалтып алған қызыңды тауып әкелдім.
Ақшақар: - Саламатсыңдар ма, балалар! Орманда адасып қалған едім, мені Сайқымазақ тауып алды. - Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
- Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар! Ақшақар:
1 -. Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр....
Балалар: - Жаңа жыл!
Ақшақар: 2.- Қызыл мұрын, ақ мұртты, Білсең атын тез ата, Келеді бізге....
Балалар: - Аяз ата!
Ақшақар: - Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі......
Балалар: - Әдемі!
Ақшақар: - Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын - күлкі таралсын, Құтты болсын.....
Балалар: - Жаңа жыл! (3 рет)
(Жаңа жыл келеді).
Жаңа жыл: - Кім десеңдер, мен жаңа жылмын. Мен сіздерге үлкен табыс, денсаулықтарың мықты, сабақтарыңды «4» пен «5»- ке оқыңдар демекпін.
Аязата: - Бәрекелді, үлкен сый кәмпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
- Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Балалар тақпақтарын айтуға шығады.
Шағын орталық тобының монтаждары.
«Түлкі, түлкі, түлкішек»
Ән: «Қошақаным»
Ойын: «Кім шапшаң?»

Аяз ата: - Жалмауыз кемпір, дорбаңда не бар?
Жалмауыз кемпір: - Менің дорбамда балаларға арнап сыйлықтар әкелдім, сен сияқты. – Мінекей, мынау бар, мынау бар. (Сыйлықтарын көрсетеді.) - Мына табаға балаларды салып, қуырып - қуырып жіберсем, өте дәмді болады.

Аяз ата: - Тәйт, сыйлықтарыңды сал да, залдан шығып тұр. Әйтпесе, боранға, аязға үсітіп жіберемін.
(Жалмауыз кемпір шығып кетеді.)

Тәрбиеші: - Мінекей, балалар, біз Жалмауыз кемпірден де құтылдық. (Аяз ата мен Жалмауыз кемпірді салыстыру)
Әрі қарай мерекелік кешімізді жалғастырайық.

Мектепалды даярлық тобының монтаждары.

«Апам үшін» әні. Шағын орталық тобының бүлдіршіндері.
Ойын: Ата - аналармен «Дүкенші»

Аяз ата мен ақшақар: - Балалар өнерлерің өте тамаша екен! Өнерлерің өрге жүзсін! Енді біздің де қайтатын уақытымыз болды! Баратын жерлеріміз де көп. Қош аман - сау болыңдар!

Жүргізуші: - Мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталық тобының « Сәлем, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!

Сарықамыс негізгі мектебі.
Тәрбиеші: Суюндикова Айгүл
3 189
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Қош келдің, қоян жылы қазағыма
Қош келдің, қоян жылы қазағыма
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге Жаңа табыс тілейік ісімізге Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін. Мына отырған барша жан бәрімізге
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×