Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ар – ұждан – адамдық өлшемі

26 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Тақырып: Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Құндылық: Дұрыс әрекет ету
Қасиеттер: Адалдық, адамгершілік, әділ бол
11 сынып
Сабақтың мақсаты:
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Міндеттері:
• Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту.
• Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жетуі.
• Өмірлік әрекетіне өз мінез-құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңа, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын..... Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
« Ар – ұждан – адамдық өлшемі» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастыр.

Ар – ұждан – адамдық өлшемі. жүктеу
4 377
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар - ұждан деген не?
Ар - ұждан деген не?
Ар - ұждан деген не? Көптеген адамдар бұл сөздің не екенін түсінбейді. Ар - ұждан - сіздің әрекеттеріңіз, күмәніңіз, көңіл - күйіңіз туралы ойлануыңыз. Әр адамның ар - ожданы бар, ол түнде ұйқының жиілеуіне жол бермейді.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Ар - ұждан – адамдық өлшемі
Ар - ұждан – адамдық өлшемі
Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами әділеттілік қасиеттердің өлшемі екенін таныту. Оқушыларды оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу үшін, өмірлік әрекетіне, өз мінез-құлқына сараптама
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×