Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

05 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Мақсаты:
1. Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру. Қойылған сұраққа ойланып, толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2. Оларды бір - бірімен достық қатынаста болып, үлкенді сыйлауға, ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету. Олардың бір - бірімен шынайы да қайырымды, иманды болуға баулу.
3. Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту. Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Көрсету, түсінік беру, ойындар, әңгіме, мақал - мәтелдер сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. т. б.
Ресурстары: баяндау, ой толғау. нақыл сөздер., мультимедиялық көрсетілім, слайдтар, өлеңдер жинағы, ойын, парақшалар т. б.

Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында өрбімек.
Психологиялық хал - ахуал туғызу.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге қойыңыз.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.
Дархан - дарындымын
Сания - сыпайымын
Ертарғын - еңбекқормын
Айым - ақ көңілдімін
Сандугаш - сабырлымын
Адемау - ақылдымын
Бексұлтан - білімдімін
Гульжан - гауһар тастай қымбаттымын
Асем - ақ пейілдімін
Әлим - әлдімін
Сара - сабырлымын
Ғазиз - ғибрат алам атадан
Жансейт - жанашырмын
Ибрагим - именгішпін
Айтолқын - абыройлымын
Амина - ардақтымын
Алия - адамгершілігі мол адаммын
Алдияр - арлымын
Асемгуль - арумын

II. Кіріспе бөлім: Менің көзқарасым (сұрақ - жауап)
Сұрақтар:
• Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
• Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?
Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып, балалардың әңгімелерін, берген жауаптарын толықтыру/.

III. Негізгі бөлім:
Поэзия минуты Не жаман, не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.)

Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен! жүктеу
5 940
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №89 Шамшырақ бөбекжай-балабақшасы Рустемова Райхан Алтыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×