Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі

01 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
8 - сыныптары
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Мақсаты: Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Астана суреттері, слайдтар, буклеттер.

Барысы:
І. Кіріспе
1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы – «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана – Тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.
2 – жүргізуші
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Әнұранымыз бүкіл әлемде шырқалды.
ІІ. Ән «Астана» Жандар Еңлік
ІІІ. Әдеби монтаж «Астана тарихы»
2 – жүргізуші

Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!
1 – жүргізуші
Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көп деген қалалар өзеннің бойында орналасқан.
2 – жүргізуші
«Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н. Назарбаев
1 – оқушы
Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н. Назарбаев
2 – оқушы
Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып аударылады.
3 – оқушы
ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, ортағасырларда қала мәртебесіне ие болды.
4 – оқушы
1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
5 – оқушы
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді.
6 – оқушы
1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. 1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н. Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.
Сынып жетекші: Ж. Бимұратова
5 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Астана – арман қала
Астана – арман қала
Астана - арман қала. Астана қаласы Қазақстанның жахандық брендіне айналып, дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі туралы ақпарат беру. Отанымыздың бас қаласы Астана туралы түсініктерін жетілдіру.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала
Астана - сұлу қала «Астана дегеніміз - Астана. Қазақша әдемі естіледі. Қомақты ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық рең бар» - деп жазды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×