Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экология және біз

03 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Экология және біз
Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру
Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір - біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін - өзі тануға, тіл мәнерін, ой - өрісін дамытуға бейімдеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.
Сабақтың әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Бәрі хормен:
Амансың ба, Алтын күн!
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Кіріспе сөз:
Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық – географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.
Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп - қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.
Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта - пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе!
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе!

Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.

Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айың да.
Тегінде жаның жомарт — ақ,
Ізгілік жатыр бойында.

Табиғат, қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан шығарсыңдар.

Сөздік жұмыс
Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.
— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.
(талдау жұмысын жүргізу)
— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.
1 - жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба - лаларды көрді - де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2 - жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Экология және біз жүктеу
8 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғаттың бір - бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу: оған қамқор болу керек, қорғау қажет,
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×