Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сценарий: Бақытты отбасы

11 қыркүйек 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сценарий Бақытты отбасы
Мақсаты: Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен - кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қонақтарым
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы - бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата - ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Бақытты отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық

ЖҮРГІЗУШІ: 1 Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Абиловтар отбасы ортамызда.

2 Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғыпқарсы алайық енді оны
Амиржанов отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

3 Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Касеновтер отбасы таласады.

4 Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға.
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып Касенов отбасы.
жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,

Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаны да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Касим Олжас « Менің анам алтын» әні

Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.

Алдымен сайыс кезеңдерімен таныстыру.

Сұрасаң менің тегім. Таныстыру.
1 - жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасын.

Флешмоб биі 9 сынып қыздары
скакалкамен жүгіру

Жүргізуші: Отбасында көрген жақсы - жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тындырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл - ауқаты жақсарады.

Медеев Талгат әнімен: « Родительский дом».

3. Эстафета
4. доппен жүгіру
жүргізуші: Ақ жаулығың қымбат маған анашым
Тілегімсің, сүйенішім панамсың,
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол мейірімді данамсың.

8 сынып қыздары –«Ана жүрегі» әнімен

5.»Шынжыр» эстафета ойын

Үнді биі Тинеева Жасмин 5 сынып оқушысы

1 - жүргізуші: Бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ералина Бағдат Жетписбайқызына беріледі.

Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Құрметті ата - аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Бақытты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
18 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы
Біз бақытты отбасы
Біз бақытты отбасы
Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отрып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
Бала бақыт бала қуаныш
Бала бақыт бала қуаныш
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Балабақшамен ынтымақпен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×