Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың рөлі

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөлі» (презентациясымен)

Президент сабағы. 5 сынып
Мақсаты: А) Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
Ә) Қазақстанның болашағы мен қалыптасуы жөнінде тарихи шолулар жасау. Ой - өрісін дамыту.
Б) патриоттық тәрбие беру.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Әдісі: интерактивті тақтамен Елбасының суреттері мен Астана туралы шолу,
әр баланың «Менің Елбасым» туралы эссе жұмысы, сөзжұмбақ шешу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, фотосуреттер, қанатты сөздер, буклет, альбом
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгелдеу;
3. Тәрбие сағат дәптерлерін тексеру.

ІІ. «Шаттық шеңбері» тренинг.
Оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін білдіру.
Бүгінгі күніміз сәтті болсын! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз тыныш болсын!
Денсаулығың мықты болсын! Ақ көп болсын! Ырыс, береке болсын!.........

ІІІ. Интерактивті тақтадан слайд жұмысын таныстыру. Сынып жетекші: Аймаханов Ержан
«Егеменді Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөлі»

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген..

ІҮ. Қызмет жолы - Сейітқасымова Нұрай
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
● 1960 — 69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
● 1969 — 73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
● 1973 — 77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
● 1977 — 79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2 - ші хатшысы.
● 1979 — 84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
● 1984 — 89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
● 1989 — 91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
● 1990 ж. ақпан — сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
● 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
● 1991 ж. желтоқсанның 1 - інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
● 1995 ж. сәуірдің 29 - ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
● 1999 ж. қаңтардың 10 - ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
● 2005 ж. желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

Ү. Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері
мен қоғамдық - саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:- Мұятова Мереке
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
♦ «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
♦ «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
♦ «Без правых и левых» (М., 1991),
♦ «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
♦ «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
♦ «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
♦ «Нарық және әлеуметтік - экономикалық даму» (А., 1994),
♦ «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
♦ «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
♦ «Тарих толқынында» (А., 1997),
♦ «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
♦ «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
♦ «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
♦ «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
♦ «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

ҮІ. Дәйексөздері - Шәкірбек Бақберген
“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға - тұйықтықтан қашу керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

ҮІІ. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар - Төлепберген Нұрай
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Экономика және болжау институты
Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ - түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
Назарбаев Зияткерлік Мектебі[3]
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

ҮІІІ. Басқа лауазымдары мен мансаптары - Әбшеева Аружан
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА - ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ - нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай - ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі

ІХ. «Астана қаласының гүлденуі - Қазақстанның өркендеуі» Астана қаласына саяхат жасау. Астананың көрікті жерлерін таныстыру. Интерактивті тақтадан слайд - шоу.
Х: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы - Жолдасбекова А
Қазақстан Республикасы Президенті 1997 жылы қазанда «Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» атты ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан¬ ¬– 2030» стратегиясы егеменді республиканың экономикасы серпінді дамып келе жатқан әлемдегі ең бір қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.

Х.. Сөзжұмбақ. «Астана»
1. Қазақстанның бұрынғы астанасы (Алматы)
2. 1991ж 1 желтоқсанда өткен (сайлау)
3. «Нұр Отан» ХДП - сына Н. Ә. Назарбаев......(төраға)
4. 2003, 2006ж Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі өткен жер (Астана)
5. Халықтың Елбасын атауы.... (Нұраға)
6. Елбасының сайты WWW. ( Ақорда)
ХІ. Эссе жұмысы.
Оқушылар «Менің Елбасым» атты өздерінің эссе жұмысын оқып таныстырады.
ХІІ. Қорытндылау. Сынып жетекші: Аймаханов Ержан

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16. 12. 1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 689
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Елбасы сенімі - ел сенімі
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Елбасы сенімі - ел сенімі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
Тұңғыш Президент - Елбасы
Тұңғыш Президент - Елбасы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
Елімен біре - Елбасы
Елімен біре - Елбасы
«Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп - интренат» КММ Орындаған: Камзабаева Л. О.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×