Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің алғашқы ұстазым

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің алғашқы ұстазым

Мақсаты: «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым барекенін жеткізу. Ұстаздардан алатын үлгі - өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, қанатты сөздер, қабырға газеті

Ұйымдастыру
Өту барысы:
М: Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар! Сіздерді «Ұстаздар» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз
Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән – мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі», - деген Ыбырай атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны анық. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, не бір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер бәрі бір адамға қарыз. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етіп аттандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

1 оқушы:
Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығындар

2 оқушы:
Сан жастық қамын шертесің
Тағдырын ойлап, толғанып
Әрбір үйдің еркесін,
Үйреттің өзің қолға алып

3 оқушы:
Асыл ұстаз – мектеп жүрегі,
Шуақ шашар реңі
Ұстаз деген – ұлы тұлға есімді,
Біз үшін өмір сүреді.

4 оқушы:
Білімнің кәусар бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің мұғалім
Ұстаз да, ғалым да, дана да.

М: Ұстаздар жан анамдай аялаған
Нұрланған шуағымсың саялаған
Айналдық мейірімді жүрегіңнен,
Шәкіртінен өз бақытын аямаған! – дей отырып, оқушыларымыздың ән шашуын тыңдалық.
«Мұғалім ол біздің» әні орындалады.

М: Ұстаз болу – қиынның қиыны. Шәкіртінің жан дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына ұстаздың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге етене араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына жаттап өседі. Ұстаздың арманы – шәкіртінің қамы. Ендеше, адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, көкірек көзін ашуға септігін тигізген ұстаз аналарды ардақтайық! Өйткені олар – халқымыздың анасы!

5 оқушы:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы

6 оқушы:
Терең зерттеу ісімен
Жүреді ұстаз үнемі
Ұшқыр білім үшін өмір сүреді
Терең – терең мейірімді ісімен

7 оқушы:
Ұстаз – мектеп жүрегі
Ұстаз – мектеп тірегі
Күнде де ол, түнде де
Тілейді бала тілегін.

8 оқушы:
Ақылды да, білімді
Дана жүрек білікті
Салиқалы, салмақты
Ұстазым ол сүйікті.

М: Сәйгүлікті құйрық жалы таралған
Сүйетұғын қазақ осы
Қараңдар!
Қазақ осы
Күй шығарып, ән салып
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған, - деп Қадір Мырзалиев жырлағандай, ендігі кезекте «Қазақ биін» тамашалаңыздар.
М: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаздың алдын көрген» деген сөздер құлаққа ана тәрбиесін алған деген сөздермен ұштасып жатыр.
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден бала, - деп айтуда терең мағына жатыр. Ал, енді оқушыларымыздың әнін тыңдайық..
«Ұстазыма» әні орындалады.
М: Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімдердің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат етіп аттандырғаннан басқа, абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?
(Келген қонақтарға сөз кезегін беру)

Қорытынды сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Менің алғашқы ұстазым»атты тәрбие сағатымызды көріп, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
Осы мектепте оқыды, ойға білім тоқыды,
Осы жерден жалындап, ер жетті ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар, оқумен өсіп толыңдар,
Қиындыққа мойымай, аман – есен болыңдар
55 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ - береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Құрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі мұғалімдер күні мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұстаз деген ұлағатты қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз. Жанұяларыңызды бақытқа бөлеп, шәкірттеріңізді білімнің биік шыңдарына жетелей беріңіздер!
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу гимназиясы»ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Гульназ Самигуллаевна
Қош бол, бастауыш мектеп!
Қош бол, бастауыш мектеп!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Бекзат Ибрашқызы
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×