Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ұстазым, ұлағатым үлгі - өнегем!»
Жүргізуші:
Армысыздар
Бармысыздар
Қош келдіңіздер
Құрметті де аяулы
Бәрі: Ұстаздар!
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Бүгін ұстаздар мейрамы. Жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сан түрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген құдіретті қуат иелері - ұстаздар мейрамы!
Саулықтарыңыз мықты болсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын, шаңырақтарыңыз толы шаттық болсын! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Қазір ортаға сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін «» атты әнмен 8 сынып оқушысы ______________________________ қошеметпен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де қол созғаны
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Не қылған енер шіркін шексіз еді Ойымнан талай сырды өткізеді Еңбегін ұстазының гүл ғып сепкен Дулат өнерімен жеткізеді - демекші қазір тамаша әнімен, тәтті қылығымен тамсантып жүрген алдарыңызда өнер көрсететін қыздарыңыз _________________________________________________________________
Жүргізуші:
Мектебіміздің білгірі
Өздерің ғой ұстаздар
Талай жанға үлгілі
Парасатты ұстаздар
Ұрысып алып, артынан
Еркелеткен ұстаздар ұйымына осы қалпыңнан
Жібек мінез, ұстаздар!
Жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі өте зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Оқушы:
Мұғалім, ғазиз, мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланның бүгін тойында
Арнайды саған бүл әнін

Оқушы: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін.

Оқушы: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан -
Оқушы: Ұлағатты ұстаз еңбегі әрқашан бірінші сатыда тұратынын біз бәріміз мойындаймыз. Сіздер сияқты аяулы да асыл ұстаздар қаншама мамандық иелерін оқытып, тәрбиелеп, нағыз қазақ азаматтарын, нағыз қазақ қыздарын, нағыз қазақ жігіттерін тәрбиелеп жатыр
Оқушы: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан.
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған
Оқушы:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
Оқушы: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде ақылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын - деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! Ұлағатты
ұстаздарымызды бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз. Оқушыларыңыздың сіздер үшін арналған шағын концертіміз аяқталды.
21 156
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ - даңқын асырды бар әлемнен. «Ұстаз»деген аяулы асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×