Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италия

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы
8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Италия
Сабақтың мақсаты: ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италияның әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы ұғындыру.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушыларға Италия мемлекетінің бірігуінің аяқталуы, елде қалыптасқан ауыр экономикалық жағдай және оны шешу жолындағы реформалар, «Джолитти дәуірі» туралы білім беру.
Дамытушылық. Оқушыларды дәріс жазуға, ауқымы кең мәліметтерден керекті тұсын дәл анықтауға, оқиғаға анализ жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді жандандыру, өзге елдердің өткен тарихи жолынан білім бере отырып, тәуелсіздікті қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: аралас (дәріс, ойын элементтері, дискуссия)
Әдісі: «Алтын көмбе» ойыны арқылы сөзжұмбақ шешу, дәріс оқу, пікірталас
Көрнекілігі. Италия тақырыбы бойынша презентация
Пән аралық байланыс: география

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Амандасу,
Кезекшімен диалог.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Ауызша баяндау.

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.
«Алтын көмбе» ойыны. Бұл ойында оқушыларға жеке - жеке сөзжұмбақ жасырылады. Қай оқушы барлық сұраққа дұрыс жауап берсе «Алтын көмбесі» ашылады.
1. 1. Герман Одағының Үкімет органы қалай аталады? 2. Герман Одағындағы еркін қалалардың бірі? 3. Пруссиядағы помещик? 4. Германиядағы ауқатты шаруа? 5. Пруссия астанасы? 6. Франкфурттық ұлттық жиналыс? 7. Германияның «Темір канцлері»?

ІҮ Жаңа сабақ
Өз бірігуін Италия кедей ел ретінде қарсы алды
1. Австриямен екі соғыс.
2. Әскер мен флот ұстау үшін көп қаражат жұмсалды.
3. Мемлекет өзіне монархиядан қалған үлкен қарыздарды жүктеп алды.
4. Елдің ауыр өнеркәсібі болмады.
5. Деревняларында феодалдық қатынастар үстемдік етті.
6. Халықтың көп бөлігі сауатсыз болды.
7. Саяси өмірінде абсолютизм, шіркеу мен аристократия үстемдік құрды.
Ү Бекіту.
1. Италия Тунисті иеленуге талпыныс жасалды? ХІХ ғасырдың 1870 - ші жж.
2. ХІХ ғ. 80 - ші жж. отарлаудың басты бағыты қайда бағытталды? Солтүстік - Шығыс Африка болды.
3. 1885 ж. – Қызыл теңіздің Африкалық жағалауындағы Массауа қаласын жаулап алды. Оның нәтижесінде пайда болған Италияның алғашқы колониясы? Эритрея пайда болды.
4. Италия өзінің Сомалиге протектораттығын қай жылы жариялады? 1888 ж.
5. Эфиопия үшін соғыс қай жылдары болды (Италияның ойсырау жеңілуі – ұлы ұлттық масқара)? 1895 - 1896 жж.
6. Италияның Қытайдағы боксерлік көтерілісті басуға қай жылы қатысты. 1900 ж.
7. 1911 - 1912 жж. Италия қай елмен соғысты? Түркия (Италияның жеңісі: Триполи және Киренаика Ливиядағы италияндық отарға айналды).

ҮІ Үйге тапсырма:
1. Италия тақырыбын оқу.
2. Италия мәдениеті туралы слайд әзірлеу.

ҮІІ Бағалау. Сабақта белсенді болған оқушыларды бағалаймын.
ҮІІІ Қорытындылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XI - XV ғасырлардағы Италия
XI - XV ғасырлардағы Италия
XI - XV ғасырлардағы Италияның экономикалық дамуынан алдыңғы қатардағы елдердің бірі болғандығын, қалалардың тәуелсіздік алып, жоғары дәрежеде дамығандығын айту.
Жер қыртысының қозғалысы
Жер қыртысының қозғалысы
Ырғыз орыс орта мектебінің География пәні мұғалімі Жакупова Шара Байденқызы
Дамыған елдерге жалпы сипаттама
Дамыған елдерге жалпы сипаттама
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Дүние жүзінің аймақтары
Дүние жүзінің аймақтары
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
Еуропаның халқы, еңбек ресурстары
ШҚО,Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің география пәні мұғалімі Құмаш Табысбек Пәні: география Сыныбы: 11 Тақырыбы: Еуропаның халқы, еңбек ресурстары.
Италия
Италия
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі, магистрант Нұрымбаева Ақмарал Сейлбекқызы Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×