Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)

13 наурыз 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакатқа жазылған «Қазақ хандығына - 560 жыл!» Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың суреттері және өмірлерінен қысқаша мәліметтер жазылған буклет.

Сабақтың жүрісі: (10 «б» сынып оқушылары қатысады)
І бөлім. Хандар ауыл болып бөлінеді.
1. Жәнібек, Керей хандығының ауылы;
2. Қасым хан ауылы;
3. Әбілқайыр ханның ауылы;
4. Абылай хан ауылы;
5. Кенесары хан ауылы.
Жәнібек, Керей, Қасым, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары рөліндегі оқушылар өз хандықтарын қорғайды, таныстырады.
ІІ бөлім. «Білімді сайыс».
Әр хандыққа екі - екіден сұрақтар қойылады. (Оқушылар жауап береді).
ІІІ бөлім. «Ойлан тап». 1.«Қазақстан»,«Қасым»,«Жәнібек» сөзжұмбақтары беріледі (Әр ханның ауылы тез арада шешуі керек).
ІV бөлім. «Жедел жауап». Әр хан ауылына арналған конверт ішінде сұрақтар болады. Конвертті ашып, жедел жауап беру керек.
V бөлім.
1. Жәнібек, Керей хандарының ауылы (шағын драмалық көрініс);
2. Қасым хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);
3. Әбілқайыр ханның ауылы; (шағын драмалық көрініс);
4. Абылай хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);
5. Кенесары хан ауылы. (шағын драмалық көрініс);
Соңғы қорытынды:
1. Жеңімпаз хандықтарды анықтау;
2. Бірінші, екінші, үшінші орындарды анықтап, марапаттау;
3. Әділқазылар алқасына сөз беріп, қатынасқан 8б сынып оқушыларына алғыс білдіру.

ІІ бөлім. «Білімділік сайыс».
Жәнібек, Керей ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ. Қазақ хандығы қай хандықтан қай жылы бөлінді?
Жауап: 1456 жылы Амудария мен Сырдарияның арасындағы Әбілқайыр хандығынан бөлінді.
2. Сұрақ: Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын қай жерде құрды?
Жауап: Қазақстанның Жетісу жеріндегі сол кездегі Моғолстан хандығының жері Шу өзенінің бойындағы Қозыбас деген жерде Қазақ хандығын құрды.
Қасым хан хандығының ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ: Қасым хандық құрған уақытта Қазақ хандығының шекарасы қандай жерлерді алып жатты?
Жауап: Солтүстік шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзеннің жағалауларын қамтып, ал солтүстік батыста Жайық өзеніне жететін.
2. Сұрақ: «Қасым ханның қасқа жолы» деп не себепті айтылған?
Жауап: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Мәскеумен бірінші рет байланыс жасаған - Қасым хан. Бұл кезде князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505 - 1533). Сол жол күш бүгінге дейін жалғасуда.
Әбілқайыр ханның ауылына қойылатын сұрақ.
1. Сұрақ: Әбілқайыр қай жылы үш жүздің ханы етіп сайлады?
Жауап: 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар Әбілқайырды үш жүздің ханы, әскерлерінің қолбасшысы етіп сайлады.
2. Сұрақ: Кіші жүзді Ресейдің құрамына кіргізуге елшілік жіберген хан және қай жылы?
Жауап: Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде жібереді. 1731 жылы Кіші жүз Ресей билігін мойындайды.

Дайындаған: Шарипова А. А.

Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара). жүктеу
2 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандары мен билері
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы мен хандардың, билердің ерлік істері туралы түсінік беру.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның қазақ хандығындағы ішкі талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру жолында тың өзгерістер енгізгенін және «Жеті жарғы» заңының мазмұнына түсініктер беру.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Қазақ хандарының кестесі
Қазақ хандарының кестесі
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы 1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×