Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты

08 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
7 сынып
1 ТАРАУ. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ).
Түрік қағанаты
Конспект
Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле – түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. Алғаш рет түрік этнонимі туралы 542 жылғы қытай жылнамасында жазылған. 552 жылы Түрік қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүрді.
Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Ол жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атаққа ие болған. Бумын 552 жылы қаза болып, орнына баласы Қара - Еске қаған болды. Қара - Еске қағанның бастауымен түріктер Орхон өзенінің жоғарғы жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Ал 552 - 554 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар түріктерден бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер эфталиттерді он жылдан кейін, 563 - 567 жылдары жаулап алды. 6 ғасырдың 70 жылдары Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. 6 ғасырдың екінші жартысында түріктердің билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Сөйтіп, Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
Түріктер негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары тау бөктерлеріндегі шатқалдарда немесе Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария бойындағы тоғайлы жерлерде орналасты. Тараз қаласы маңынан түрік кезеңіне жататын қыстақ - кенттер табылған. “Күлтегін” жазба ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.
Кең байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа да мемлекеттер түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

Конспект сұрақтар
1. Түрік қағанатында тайпааралық соғыс қашан басталды:
2. Түрік қағанатындағы наным - сенім:
3. Түрік тайпаларының қыстақ - кенттері қайдан табылды:
4. Түрік тайпаларының қыстаулары орналасты:
5. Түріктер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз бойына қашан үстемдік етті:
6. Түріктердің эфталиттерді жаулап алған кезі:
7. Алтай тайпаларын бағындырған қаған:
8. Қытай билеушілерінің түріктерге төлеген салығы:
9. Мұқан қаған тұсында түріктерді қалай атады:
10. Қара - Еске қағанның аварларды жеңген жері:
11. “Елхан” атағын алған түрік қағаны:
12. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары:
13. 545 жылы түріктердің бейбіт қатынаста болған мемлекеті:
14. Түрік этнонимінің қытай жылнамаларында белгілі болған уақыты:
15. Қазақстан аумағында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет:
16. Қай жылы араб қолбасшысы Күтейба ибн Мүслим Шашты басып алды:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар)
Батыс Түрік қағанаты (603 - 704 жылдар) Конспект Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ «ТАРИХ» 1. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен.... атауы қалыптасқан. (Түрік) 2. Ыдыраған Түрік қағанатының бір бөлігі... (Батыс)
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Түрік қағанаты (552 - 603 жж)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ тарих пәнінің мұғалімі Унгарбаева Шолпан Ботайқызы
Түрік қағанаты
Түрік қағанаты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі Самаликова Жанылсын Шахидоллаевна
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×