Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылуы

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: 35. Қазақ хандығының құрылуы. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: осы тақырыпта алған білімдерін бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөліп, біріне Әбілқайыр тобы, екіншісіне Жәнібек деп ат қойып, ойынды бастаймыз.
Сабақтың барысы:
1. Ой атасы.
2. Таңғажайып алаң.
3. Алтын қақпа ойыны.
4. Таза тақта ойыны
5. Ойын балдық жүйемен бағаланады. 1, 2, 3, 4, 5. Осы ойындар арқылы тақырыпты ашуға тырысамыз.
1. Ой атасы. Ойынның шарты: ойында екі топ бір біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды.
2. Таңғажайып алаңы. Ойынның шарты: ойын теледидарда көрсетіліп жүрген «Поле чудес» ойыны барысымен жүргізіледі.
3. Алтын қақпа ойыны. Ойынның шарты: ойын орта ғасырдағы Қазақстан тарихының терминдері бойынша алынған сөздермен жүргізіледі.
4. Таза тақта ойыны. Ойынның шарты: біз бұл ойынмен тақырыпты бекітеміз. Ойын тақтаға осы тақырып бойынша жылдар, адам аттары жазылады, бұл сөздерді таба отырып өшіреміз.

«Ой атасы» ойыны. «Әбілқайыр» тобы.
1. XV ғасырдың басында қандай тарихи оқиға болды?
2. XV ғасырдың басында Әбілқайырға қандай тайпалар шабуыл жасады?
3. Әбілқайыр ханның үстемдігіне наразы болған қазақ тайпалары қай жаққа қоныс аударды?
4. Қазақ хандығы қашан құрылды?
5. Моғолстан ханына қазақ сұлтандары не үшін керек болды?
6. Моғолстан ханы Есен бұға қай жылы қайтыс болды?
7. Қазақ хандығының құрамына келіп қосылған тайпаларының қосылуының маңызы.

«Жәнібек» тобы. 1. Ақ орданың орнына кім келді?
1. Кімдермен күрес жүргізді?
2. Ұрыста кімдер жеңді?
3. Моғолстан ханы Есен бұға Керей мен Жәнібекке Моғолстанның қай бөлігінен жер бөліп берді?
4. Қазақтың бірінші ханы?
5. 15 ғасырдың соңында 50 - 70 жж. Әбілқайыр ханның қол астынан қанша адам көшті?
6. 15 ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының экономикасы?
7. 15 ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының экономикасы?

Таңғажайып алаңы.
Алтын орданы құрушы Монғол ханы. 1227 - 1255 жж. Алтын Орданы билеген. «Батый».
Монғол хандарының куәлікке берілген ерекше белгісі. «Пайза».
Әмір Темірдің әкесі кім? Монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан. «Тарағай».

Алтын қақпа ойыны.
Тас қақпа сұрақтары: 1. Ханака сөзі нені білдіреді? Ж: Ханака - дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үй.
2. Үшір сөзі нені білдіреді? Ж: Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
3. Рабад сөзін қалай түсінесің? Ж: Рабад орта ғасырлық қаланың егін егушілері мен мал өсіруші қарапайым халық тұратын сыртқы бөлігі.

Күміс қақпа сұрақтары: 1. Қанқаш сөзінің мағынасы? Ж: Қанқаш – оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құрылған кеңес.
2. Кешіктен сөзі нені білдіреді? Ж: Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.
3. Инал сөзі нені білдіреді? Ж: Инал – оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.

Алтын қақпа сұрақтары:
1. Өмілдірік дегеніміз не? Ж: Өмілдірік – ат әбзелі. Ертоқымның кейін сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
2. Сардоба сөзінің мағынасы? Ж: Сардоба – су сақтау әрі белгілі мақсатымен тұрғызылатын күмбезді құдық.
3. Сойырғал сөзінің мағынасы? Ж: Сойырғал - әскери қызмет үшін мұраға түпкілікті берілетін жер.

Алтын сандық сұрақтары:
Қылует сөзінің мағынасы қандай? Ж: Қылует – сопылық құлшылық етушілерге жер астынан салынған мінәжат үйі.

Таза тақта ойыны. 15 ғасырдың басы 1465 ж 1462 ж Әбілқайыр 15 ғасырдың аяғы Жәнібек Есен – бұға Керей 15 ғасырдың ортасы «Тарих и Рашиди»

Бекіту: Қазақ хандығы туралы оқушылар бүгінгі ойын сабағын бекітеміз.
1. « Әбілқайыр» тобы.
2. «Жәнібек» тобы.
Оқушылар бүгінгі тарихи танымдық ойын сабағына жақсы қатысқандарыңыз үшін рақмет айтамын.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 985
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге арналған тапсырмалары
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ойын түрлерінің жинағы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы. Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×