Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын қақпа ойыны

13 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Пәні: Адам және қоғам
Қорытынды қайталау (презентация түрінде)
• Сабақтын түрі: аралас
• Сабақтын әдісі: Алтын қақпа ойыны, Үлестірмелі, сұрақ – жауап
• Пән аралық байланыс: тарих – география, құқық, саясаттану т. б
• Көрнекілігі: Плакаттар, интерактивті тақта, сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:
• І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп сабаққа даярлығын тексеру.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. (Н. Ә. Назарбаев)
“Барлық істің басшысы – білім мен ұғым” (Ж. Баласағұн)
“Сабақ беру дегеніміз – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны табатын өнер.”
(Ж. Аймауытов)
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Міндеті: Өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, өз ойын жүйелей алатын, өз идеясын ұсына білетін оқушы тәрбиелеу.
Нәтижесі: Жаңа заман талабына сай қабілетті тұлға дайындалады. Білім мен білік дағдыларын қалыптастырады.
Қолдану аясы
Тарау бойынша қорытынды сабақтарда
"Сәлемдесу"
Қазекем мақтанады ұрпағымен
Көрінсін ұландарым бақ қырымен.
Танытсын кім екенін мына көпке,
Аты – жөнін ата - баба жолыменен.
1. Тас қақпа
2. Күміс қақпа
3. Алтын қақпа

Жолдама сұрақ
Философиялық көз қарастың негізгі мәселесі:
Адам дегеніміз кім:
Қоғам дегеніміз не:

1. Тас қақпа
1 - тапсырма.
Сөйлемдерді аяқтап жаз:

1) Адам жануар тәрізді... пен...... жаралған.
2) Мәдениет дегеніміз - айналадағы......... жанартауға адамның............... мен................ айқындауға және........... бағытталған адамзаттың........................................... болып табылады.
3) Өркениет (лат. Civilis.......................) деп белгілі бір елдер мен................. Тарихи......... Белгілі бір кезеңіндегі........... Рухани және.................. Өмірінің өзіне тән.................. Ерекшеліктерді айтамыз.

2 - тапсырма
1) Дәстүр сөзінің латынша аудармасы:
А) Cultura - өсіру, өндеу
Ә) Traditio - өткізіп беру, айтып беру
Б) katharsis - тазарту
2) Саяси жетекшілер деп -.......
А) Қоғамды мәнді саяси мақсаттар төңірегінде жұмылдыра алтын соларға өз жолында өзінің бар қабілеттерін жайып салып, аянбай қызмет ететін адамдарды айтады.
Ә) Билік жүргізуге байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатынасатын билік құрылымында жетекші роль атқаратын, соған орай өзіндік артықшылыққа ие болатын әлеуметтік топты айтамыз.
Б) Қоғамда мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттік органдар арнасынан тысқары дамитын тұлға аралық қатынастардың отбасылық қоғамдық, әкономикалық мәдени діни және басқадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады.
3) Демократия сөзін алғаш қолданған ғалым:
А) Аристотель
Ә) Геродот
Б) Фалес
Жолдама сұрақ
Өркениет пен мәдениеттің айырмашылығы:

Күміс қақпа
1 - тапсырма
Өркениет дегеніміз не?
Қоғамдық прогресс дегеніміз?
Адам Смиттің пайымдауынша...

2 - тапсырма
Ребус
Сөз жұмбақ

Жолдама сұрақ
Зайырлы мемлекет және ождан бостандығы дегенді қалай түсінесің?
Алтын қақпа
1 - тапсырма
1) Салық дегеніміз не?
2) Салық төлеуші дегеніміз кім?
3) Қаржыландыру дегеніміз?

2 - тапсырма
Ребусты шеш және ондағы сөзді оқы.
Нарықтық қатынастарға өту үшін шокотерапия амалын көптеген мемлекеттер пайдаланады. Мысалы: мына ел...
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділқазылар сөз алады.
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау
Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Әділқазылар алқасы...
Адам және қоғам сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 789
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту)
Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту)
ШҚО, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×