Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Металл бұйымдарының графиктік бейнесі (Қалақша жасау)

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Металл бұйымдарының графиктік бейнесі. (Қалақша жасау)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қалақтың қажеттілігі мен құрлысын - таныстырып,
графиктік сызба арқылы қалақша жасау жолдарын үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды енбекке, ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, плакаттар, оқулық, сызбалар.

Сабақта пайдаланатын құралдар:
Қалыңдығы 1мм қаңылтыр, өлшеу құралдары, қарындаш бұрыштама, электр бұрғы, бекіткіш шеге, қайшы, бұрғы, балға, біз, тескіш, құм қағаз, егеу.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Көрнекілік құралдарды дайындау, сабақтың ережесін еске түсіру.
Өткен тақырыпты қайталау.
Біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Металкескіш білдектер неше топқа бөлінеді?
- Сонымен металдар құрылымдық жағынан неше топқа бөлінеді? Кім айтады?
- Түсті металдар тобына қандай металдар жатады?
- Қара металдар тобына қандай металдар жатады?

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын оқушылар екі топқа бөлінеміз. Екі топқа бөлудің мақсатымыз бір - бірін жарыстыру емес сапалы бұйым және эстетикалық талғаммен бұйымды жасап шығаруымыз керек.
Әр топтың атауын металл түрлеріне сәйкестендіру
1 - топ Түсті металлдар тобы
2 - топ Қара металлдар тобы.
Әр топқа аттарына сәйкес қайшы беру.
Түсті металлдар тобына - түсті қайшы
Қара металдар тобына - қара қайшы беру.

3. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Графика дегеніміз - грек тілінен аударғанда жазамын, сызамын деген мағынаны береді.
Металл бұйымдарының графиктік бейнесі дегеніміз - металға графиктік сызықтарын жүргізу арқылы бұйымдар жасау.
- Балалар, бүгін сабақта үй шаруасына қажетті қаңылтырдан қалақша жасаймыз. Оның жасалу технологиясы қиын емес. Ең алдымен қалақшаның өлшемдерін материалдарға түсіреміз. Одан кейін қалақшаның қайырылатын орындарын кесеміз. Қалақшаның кесілген орындарын құм қағазбен, егеумен егейміз. Екі шетін, артқы шетін және бекітпесін 90-қа қайырамыз. Енді қалақшаның сабын жасаймыз. Сабына материал таңдап, түзетеміз де сабының нақтылы өлшемдерін белгілейміз. Қалақша сабының артық жерлерін кесеміз, белгілі орнын бір қабатпен қайырамыз. Артық жерлерін кесіп алып тастаймыз. Сабын 3см етіп майыстырамыз өз орнын белгілеп, оны бекітеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдерін (кестелік, графиктік және аналитикалық) мультимедиялық көрнекілік сабақ бойынша үйрету, түсіндіру.
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері
Квадрат теңдеу және оның түрлері, графиктік тәсілмен шешу жолын меңгеру Квадрат теңдеу және оның түрлерімен танысып, графиктік тәсілмен шешу жолын үйренеді.
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Құрылымдық материалдың жіктелуі
Құрылымдық материалдар туралы жалпы мағлұмат беру. Металл түрлерімен қасиеттері жайлы және металдағы таңбаларды оқуды үйрету.
Құлыпқа арналған құлақша дайындау
Құлыпқа арналған құлақша дайындау
Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдарды жасау әдістерін үйрету. Оқушыларға қаңылтырды кесу, егеу, бұрғылау әдістері арқылы бұйымдар жасау тәсілдерін үйрету.
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Жұқа қаңылтырдан бұйымдар дайындау
Жұқа қаңылтырдан бұйымдар дайындау
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Сукашев Мұрат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×