Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену.
1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: ойын, ассоцация, баяндау, сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: схема, нұсқау карта, суреттер, м
Пән аралық байланыс: тарих, сызу, әдебиет т. б.
Қажетті құрал - жабдықтар: тарелка, леска, ине, ұсақ және ірі моншақтар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
ә) Сабаққа дайындығын, құрал жабдықтар тексеру.
ІІ. Өткен материалды қайталау
№1
1) Ілмек біздің шығу тарихы
2) Шалулар түрлері
№2
1) Шартты белгілерді көрсету.
2) Үлпілдек шалу қандай(көрсету)
Сонымен, оқушылар қолөнер түрі тоқу түрлерін үйренген едіңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.(тақырыбы мен мақсатын айту.)
- Біз бүгінгі сабақта бисердің шығудың тарихы және түрлері жайында, ал сарамандық жұмыста білезік тоқуды үйренеміз.(ассоцация құру).
- Бисер дегеніміз не?
- Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.
Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданады.
Бисермен тоқу өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, фантазия, мен шеберлікті талап етеді. Ал, схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты бисер тарихы бар. Бисер қай кезден бастап пайда болды?

Оқушылардың ізденіс мәліметтерін тыңдау.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға, әшекейлеп тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған.

Оқушылардың әшекей бұйымдар жайлы мәліметтерін тыңдау.

Халық әшекейлері - тәрбие тәртіпке, әдет - ғұрыпқа, салт - дәстүрге сәндіктерге көшпелі, мейірімділік, әділеттілік деген ұғымдарды жастарға осы әшекейлер арқылы жеткізіп түсіндіріп отырған.
ІV. Бекіту
«Моншақ» сөзжұмбағын шешу.
1. Моншақты кестелеп тігетін қажетті заттың бірі.
2. Су моншақты ең көп шығаратын ел.
3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.
4. Шашқа тағатын әшекей зат.
5. Бағалы тас.
6. Мойынға тағатын әшекей бұйым.

\/. Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске салу.
1. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
2. Инені ауызыңа салма.
3. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.
І. Керекті құралдар:№11 бисер инесі, леска жіп, қызыл және Сары домалақ бисер, қызыл түтікше бисер.
ІІ. Жұмыстың реті:
1. білезік тоқу технологиясы.
2. Нұсқау картасы бойынша жұмыс жасау. Білезік тоқу технологиясы: әркім өз қалауымен моншақ түрін таңдап алады.
Қорытындылау.
Жасаған жұмыстарын тексеру жетістіктерін айту кемшілігін ескерту. Бағалау.
Үйге тап сырма: Алқа тоқуға керекті құрал әкелу.

Жұмыс орнын жинау.
Сөз жұмбақ
7 414
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тоқу техникасы. Эскиз керекті құрал-жабдықтар қауіпсіздік ережесі
Тоқу техникасы. Эскиз керекті құрал-жабдықтар қауіпсіздік ережесі
Эстетикалық талғамын арттыра отырып ұқыптылыққа, ептілікке, икемділікке, енбек тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру отырып, шығармашылыққа баулу арқылы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Бисерден  ағаш жасау
Бисерден ағаш жасау
Моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, бисерден ағаш жапырақтарын тоқу технологиясын үйрете отырып, білімін жүйелендіру, шеберлігін арттыру.
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Технологиядан сабақ топтамасы
Технологиядан сабақ топтамасы
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Бисерден бұйым жасау
Бисерден бұйым жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының № 24 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жалғасбаева Перуза Тоекешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×