Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяққапты дайындау

22 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Аяққапты дайындау.
Сабақтың білім беру мақсаты: аяққап туралы, оның негізін, оюын дайындау туралы, оған қолданылатын тігіс түрлерінің қыр - сырын, оған дайындалатын бау түрлерін түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: халық мұрасы аяққап туралы түсінік беру, оның түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды ұлттық салт - дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың талпынысын сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін аяққапқа қажетті оюларды өз бетінше сызып оюға бағыт беріп, тігу әдісіне икемділіктерін арттыру.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: драп және барқыт мата, қатты қағаз, қалам, өшіргіш, қайшы, ине, жіп, мулине жіптері, сабын, фломастер, шашақ, жүннен иірілген екі түрлі жіп.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: аяққап (дайын бұйым), буклеттер, «Аяққап», «Ою - өрнек түрлері», «Ою - өрнекті дайындау жолдары», «Көркемдік тігіс түрлері», «Ілмекпен тоқу», қосымша М. Муканов «Казахская юрта».
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, ауызша баяндау, графикалық әдіс, көрнекілік көрсету, практикалық жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, сурет, сызу, математика.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткен сабақты қайталау.
III. Жаңа материалды мұғалімнің баяндауы.
IV. Практикалық жұмыс.
V. Жұмыстарын бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сабақтағы оқушыларды түгелдеу;
ә) сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау.
Үйге берілген тапсырманы сұрау, оқушыларға сұрақ қою, тест тапсырмаларына жауап беру.

Тест сұрақтары:
1. Қазақ халқының қандай қолөнер бұйымдарын білесіңдер?
а) кілем, алаша, текемет, сырмақ, аяққап, керме.
б) макраме, кресло, диван.
2. Кестелі түп киіз неше бөліктен тұрады?
а) 2 бөліктен: негізі, оюы.
б) 3 бөліктен: негізі, оюы, астары.
3. Түпкиіздің негізі, оюы, астары қандай материалдан дайындалады, не үшін?
а) негізіне драп, оюына барқыт, астарына шыт. Драп болу себебі, оның су сіңіргіштік қасиеті бар, барқыт болу себебі, оның көктеу, кестелеу кезінде таймайды, әрі зат бағалы көрінеді.
б) негізіне барқыт, оюына шайы, астарына шифон. Барқыт болу себебі, ол қалыңдау, шайы болу себебі, ол жарқырап, сусылдап әдемі көрінеді.
4. Түпкиіздің қызметі қандай?
а) шайнек, қазан астына ыстық өтпеу үшін қолданылады.
б) орындықтың бетіне төсеу үшін қолданылады.

III. Жаңа материалды мұғалімнің баяндауы.
Аяққап – қазақ халқының тұрмысында ыдыс - аяқ салу үшін арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – тік төртбұрышты, екіншісі – ауыз жағы тік төртбұрышты, түбі дөңгелек, доғал болып келеді.

Аяққапты бұрын кілем, текеметтің өрнекті тұстарынан қырқып, киізден шашақтап дайындай берген. Қажетті өлшемде пішіліп, екі бөлек бір - біріне
беттестіріліп (қақпағынан басқа бөлігі), олардың қоспасы шуда жіппен жөрмеп (қиғаш тігіс) тігілген. Тігілген бөлігіне шашақ тігіліп жиегі көмкерілген.
Аяққаптың беті кестеленген матамен қапталып, кейде жібек жіппен өрнек салынған. Қақпағы міндетті түрде болған, себебі ыдыс - аяқ шаң болмау үшін. Аяққаптың бауы да шашақталып тігілген.
Аяққапты әсемдеу үшін ою - өрнектер, шашақтар, кестелер, таспалар қолданылады. Қазақ халқының ою - өрнектерінің атаулары көп, оның 200 - дей түрі тараған, аяққапта көп қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектермен танысамыз. Барлық жаңа буындарға, оюларға жаңа атаулар берген. Мысалы, қошқармүйіз, қыңырмүйіз, арқармүйіз, түйе табан, сынықмүйіз, сыңармүйіз және т. б. ою - өрнектің негізгі арқауы.

Қазақ ою - өрнектері төрт түрге бөлінеді:
Енді ою - өрнектің кең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік.
• Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
• Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. Киіз бұйымдарында кездеседі.
• Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
• Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.
• Түйетабан – түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.
• Ай өрнегі – айға ұқсас ою. Ол мазарда, мешіттерде кездеседі.
• Гүл, құсқанат – оюлары қыз баланың киімдерінде кездеседі.

Толық нұсқасын жүктеу
7 514
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Мауленова Айжамал
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
№244 Ы.Жақаев атындағы мектебінің технология пәнінің мұғалімі А.Көбегенова Оқушысы С.Нұржігітова
Аққу оюын дайындау
Аққу оюын дайындау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×