Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері

15 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің инновациялық тиімді әдіс - тәсілдері
Дарынды бала - ел ертеңі,
Дарынды бала - ел тірегі.
(М. Әуезов)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибе, жаңа қарым - қатынасқа өту қажет.

Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктілер мен дағдылардың иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі – білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені айқын. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Осыған орай, қазір Республикада білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Әрбір ұстаз - ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды.
Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату мұғалімнің міндеті.
Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен - күнге жетілдіріп отыруы тиіс.

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен өзіңді жеңе білуге тәрбиелей алсаң, өз ісіңнің маманы бола аласың, кәсіпқойлық өздігінен - ақ пайда болады.
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Оқытуда инновациялық әдіс тәсілдерді қолдану
Мукажанова Камила Шакеновна «Георгиевка орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар
Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 2 кәсіптік лицейдің арнаулы пән оқытушысы Жаймақова Роза Сағындыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×