Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихы терең Тәуелсіздік!

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тарихы терең Тәуелсіздік!

Өтсе де ғасыр, бір күннен асып бір күнің,
Басталған екен елдігің сонау жыл бұрын.
Ордаңды тіктеп, шаңырақ көтерген кезіңді
550 деп бедерлеп жазған күн бүгін.

Есіңе салып өткеннің жолын енді күн,
Мақтан боп сосын оянды бүгін елде ұғым.
Кереге керіп, уығың берік шаншылып,
Жаңғырған екен сонда бір ұлыс, елдігің.

Ғасырмен жасап, еркін ел бүгін болсақ та,
Бүгін мен кеше: қос ұғым кетпес алшаққа.
Шаңырақ құрып, өткеніңде де тұрыпсың
Бұла күш болып, бұлықсып сыртқа сол шақта.

Іргелі ел боп, халқың да сол кез көшке ерді,
Күй кешіп текті, алдыңнан самал ескен - ді.
Мың - мыңдап қолмен оғыландарың тұрғанда,
Суырылса қылыш, сұсыңнан жауың сескенді.

Басыңнан бір кез өткізіп талай майданды,
Ұлдарың түгіл, аруда намыс қайралды.
"Жағадан жауың... тартқанда бөрі етектен",
Ұрысың салған жеңіске талай айналды.

Аруағың жебеп, ғаламат бойға күш кірді,
Дұшпаның көрді жанардан намыс - ұшқынды.
Елім деп туған еңкеймей өткен ерлерің
Жауына талай атының жалын құштырды.

Майданда ұлға Әкелер ерлік ұқтырып,
Тілеуін Ана тілеген көзде шық тұнып.
Тарихтың кейде ащысын татқан кезде де,
Қалып ең әр кез рухың сынбай тік тұрып.

Қағандар айла ұстанып сыртқа сан қырлы,
Санада ерлік сан рет қайта жаңғырды.
Отанды олар өмірімен қорғап, сонан - соң
Ұрпаққа бәрін аманат етіп қалдырды.

Уақыттың әлі көреді ұрпақ жалғасын,
Ұлтыңды дәйім бабалар жебеп қолдасын!
Болашағыңның қастерлі бағыт соқпағын
"Мәңгілік Ел" деп көрсетіп берді Елбасың.

Шуағын тағы бейбіт боп бүгін төкті күн,
Кешегі майдан, кешегі дауыл жоқ бүгін.
Қазақстан деп өзгелер жатса назар сап,
Әнұран шалқып, еңкеймей тұрсын көк Туың!

Еркіндік алып, азаттық деді ұғымың,
Тыныштық күнмен құнды боп тұр ғой бүгінің.
Қалқаның енді - ұрпаққа ұлттық тәрбиең,
Қаруың бүгін - ұрпаққа берер білімің.

Болашақ барда күтеді әлі ұлы сын,
Кеше де болған елдігің менен ұлысың.
Күн шалмас жүзін әлпештеп Ару өсірген
Тамыры терең халықтың сен де бірісің.

Тектілік мінез сезіліп әуен - сазыңнан,
Шаттығың болса күн менен түнге созылған.
Ел едің сондай, ерлікке толы шежірең
Шанақтан төгер киелі үнмен жазылған.

Өткенің болып - бабадан текті туған ең,
Бүгінің болып - Еркіндік күнді жырлап ең.
Еліңе заман оздырған сайын уақыт,
Ұлтыңды танып, мойындай берсін күллі Әлем!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
3 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге
Отыз жыл болды ұядан ұшқан күнге
Отыз дейтін шамшырағы тұр өрде, Дегендей - ақ өткен жолды түгенде. Кеше олар іні болып еді баршаға, Өздері енді аға боп жүр біреуге.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан боздақтары
Желтоқсан туралы өлең
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Менің өмір дастанымнан...
Менің өмір дастанымнан...
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ибраева Мейрамгуль Махатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×