Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)

26 маусым 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)

Жүргізуші: Қазақ тілі - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - анам тілі ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым,- дей отырып бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер.
Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену - барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші - кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры осы кітапта жатыр. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл ғана. Бүгінгі интеллектуалды ойынымызды екі топқа бөліп өткізгім келіп отыр. Педогогтарды Абай, Шоқан ауылына бөліп отырғызады.
Ойынның жүру кезеңдері:
I. «Кім білгір?». Сұрақ - жауап.
II. «Мақал - сөздің мәйегі». Мақалды аяқтау.
III. «Кім тапқыр?». Жұмбақтарды шешу.
IV. «Жүйрік болсаң шауып көз». Сурет арқылы мақал құрастыру.
V. «Шешендік сөз» (Көрініс көрсету).
Топтың ұпайына асықтар беріліп отырылады.

I. «Кім білгір?». Сұрақ - жауап. Бұл кезеңде мен сіздерге сұрақ қоямын, білген топ бірінші беруі болып жауап беруі керек.
1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
1989 жылы 22 қыркүйек 2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
1991 жылы 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы қашан қабылданды?
1992 жылы 4 маусым
4. Қазақстан Республикасының конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
5. Білім министрі кім?
Ерлан Сагадиев
6. Жердің нақты үлгісі?
Глобус
7. Жеті жоқты атаңыз...?
1. Жерде өлшеуіш жоқ.
2. Аспанда тіреуіш жоқ.
3. Таста тамыр жоқ.
4. Аллада бауыр жоқ.
5. Тасбақада талақ жоқ.
6. Аққуда сүт жоқ.
7. Жылқыда өт жоқ.
8. Жеті жетімді атаңыз.
1. Тыңдамаған сөз жетім.
2. Киюсіз қалған бөз жетім.
3. Иесіз қалған жер жетім.
4. Басшысы жоқ ел жетім.
5. Аққу - қазсыз көл жетім.
6. Жерінен айрылған ел жетім.
7. Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
9. Бес дұшпанды атаңыз.
1. Өсек
2. Өтірік
3. Мақтаншақ
4. Еріншек
5. Мал шашпақ
10. Тіл туралы тақпақ айту (әр тәрбиеші).
Мақал - мәтел бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз,
Мақалшыл мақал алып келіпті, Қане, топтар көңілмен тыңдап тұрамыз.

II. Кезең: «Мақал - сөздің мәйегі». Мақалды аяқтау. Мен сіздерге тіл туралы орысша мақалдың бірінші жолын оқимын, сіздер келесі жолын тауып жалғастырып айтасыздар.
Язык острее...... бритвы.
Язык мой...... враг мой.
Языком не спеши...... спеши делом.
Слушай больше...... а говори меньше.
Что на уме...... то и на языке.
Тише едишь...... дальше будешь.
Что посеешь..... то и пожнешь.
Лучше синица в руке...... чем журавль в небе.
Друга на деньги...... не купишь.
Никто за язык..... не тянет.

III. Кезең: «Кім білгір?».
Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін,
Ата - бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім - менің нағыз жүрегім,- дей бір шаңырақ астында өмір сүріп, білім алып жатырмыз. Бұл кезеңде мен сіздерге жұмбақ жасырамын, сіздер жұмбақтың шешуін үш тілде айтасыздар, қазақша, орысша, ағылшынша.

1. Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап - книга - воок)

2. Ойларыңды аңсаған, Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруге шаршамаған,
Мен емеспін әманда. (Қалам - ркчка - реn)

3. Ұшымен қазық
Төрт көзді жазық.
Үстіне өттім
Асыл сөз жазып. (Дәптер - тетрадь - copybook)

4. Әкемнің тор тайы
Май жайлап, су ішсе
Тоқтамай жортады. (Көлік - машина - car)

5. Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма - яблоко - Apple)

Атырау қаласы.
№33 «Көркемай» балабақшасы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Орыс тілі маманы Телибаева Гулшат Бактигуловна

Толық нұсқасын жүктеу
2 785
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (шығарма)
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (шығарма)
Дүние есігін шыр етіп ашқаннан соң әлдилеп анамыз бізге бесік жырын айтып тербеткен тілді өмір бойы жүректің төрінде сақтап, көкейіңде қалдыру керек.
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×