Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру. Бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз – мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін, нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, жан - жақты, құзырлы, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез - келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең меңгеруі тиіс.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл - ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.

Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қызмет көрсету және қызмет көрсету жаңа технологиялар колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы - В. Ж. Жолмухамбетова

Толық нұсқасын жүктеу
2 578
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Менің инновациялық сабағым
Менің инновациялық сабағым
Қостанай қаласы, №11 орта мектебі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×