Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе. Заманауи класс жетекші дегеніміз – бұл

08 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Эссе. Заманауи класс жетекші дегеніміз – бұл
Заманауи класс жетекші дегеніміз – бұл.......................
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір бүгінгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, оқытушы – елінің ертеңін ойлайтын ержүрек адам. Мойнымызда үлкен борыш тұр. Ол - ел болашағы жастарды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындату. Ал заман талабына сай тұлға тәрбиелейтін, жаңа форматта ойлай алатын заманауи оқытушы, жетекші болу баршамызға тиісті міндет.

- Заманауи адам дегеніміз кім?
- Заманауи сынып жетекші дегеніміз кім?
Жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі - бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс деп саналатын біздің қазіргі заманда өзімнің « адамдық диханшысы» - яғни оқытушы болғаныма қатты қуанамын.

Қазіргі таңда осы қызметте жүргеніме 5 жылдай, ал сынып жетекшілік еткеніме 2 жыл болыпты.

Жылдар өткен сайын мені мына бір сұрақтар толғандырады: « Ұстаз болу, жетекші болу - менің жұмысым. Ал өз жұмысыңды атқару - міндет пе, әлде - парыз ба? Заманауи класс жетекші қандай болу керек? Сынып жетекші ретінде мен заман талабына сай маманмын ба?

Заманымыздың білім беру саласына қойып отырған талаптарын бәріміз жақсы түсінеміз. Отыз дамыған елдердің қатарына кіру үшін заман талабына сай білім алып, тәрбиеленген, кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алатын, серіктестікке бейім, шапшаң да жан - жақты қалыптасқан тұлға қажет. Ал осы қасиет, осы құндылықтар мектепте қалыптасатыны талассыз жайт.

Заманауи сынып жетекші заман талаптарына сай, балалармен жұмыста жаңа әдіс - тәсілдер қолданып, бала дамуындағы басты құндылықтарды дамыту. Оларға - сүйіспеншілік, отбасы, денсаулық, адамгершілік, білімділік жатады.

Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым – қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп, оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекші тиісті. Мектеп – бұл: бала+ ата - ана+ сынып жетекші. Сондықтан ата - анамен байланыс – менің жұмысымдағы ең маңызды буын.

Басты байлық - денсаулық. Осыны ескере отырып, сыныпта салауатты өмір салтын ұстану мақсатында түрлі сайыс, шаралар ұйымдастырамын.

Тәрбие ісінде басқалардың жеке басынын өнегесі де өте зор қызмет атқарады. Ертеде Рим философы Сенеке «Адамды ақыл айтумен қайырымдылыққа тәрбиелеу қиын. Жеке бастың үлгісімен тәрбиелеу әлдеқайда оңай» - деген екен. Мұндай қасиет біздің ұлтымыздан да байқауға болады. Мәселен, біз ұстаз бола тұрсақ та, өзімізге жақсы жағынан ұнаған ұстаздарға еліктейміз.

Тәрбие сағаттарын өткізу үшін күні бұрын әр балаға тақпақтар, жұмбақ, мақалдар таратып, кейбір балаларға ән айтқызып, би билетіп келеміз. Осындай жұмыс түрлері балаларды жалықтырып жібермесе екен деген ой туындайды. Сондықтан тәрбие сағаттарына да жаңа технологияны кіргізіп, өзгешелеу етіп өткізсек, балалардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеттері және әр баланың бойындағы өзіндік ерекшеліктері байқалып, әр баланы жеке тұлға ретінде танимыз.

«Білім мен тәрбие» егіз. Тәрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан әрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тәрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан әдіс - тәсілдің бірі. Еліміздің президенті Н. А. Назарбаев өз жолдауында былай деген еді: «Білім жүйесінде түбегейлі кадрлық өзгерістер жүргізілуі тиіс. Дәстүрлі оқытушы (қажет білімдерді беруде және тәржімалауда монополист) сахнадан кетеді. Педагог - тәрбиешінің жаңа бейнесі жасалмақшы: ол зертеуші, тәрбиеші, кеңесші, жобалар жетекшісі болуы тиіс».

Заманауи сынып жетекші - бұл қырағы, шығармашыл, ертеңіне сенімді, ғылыми - танымы жан - жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші деп түсінемін.

Уақытпен бірге қарыштау үшін үздіксіз өз - өзін жетілдіріп, мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Себебі, бала – бұл сенің ой - қиялың, сенің ерік - жігерің, сенің шабытыңның сусындап өсетін дән.

Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген және өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды» Я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз нығайып келеді.

Мен оқушыларымды, өз мектебімді сүйемін және де ол сүйіспеншіліктің оқушыларымның жүрегінде де бар екеніне қуанамын.
13 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҚАЗҰУ QS-ТЕ АЛҒА ЖЫЛЖУДА
ҚАЗҰУ QS-ТЕ АЛҒА ЖЫЛЖУДА
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша көрсеткіштерін жақсартып позиция лары н күшейтті.
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі. Кез келген Қазакстан азаматынан универ жайлы сұранасыз, ол міндетті түрде
Таныстыру "Үздік сынып жетекші"
Таныстыру "Үздік сынып жетекші"
Мен – жетекшімін, Бала жайлы ойлайтын, Шәкіртінің қызығына тоймайтын. Мен – жетекшімін, Білім шыңын бойлайтын, Компьютердің құлағында ойнайтын.
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Педагогикалық кеңестіктегі заманауи сабақ
Педагогикалық кеңестіктегі заманауи сабақ
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия - интернаты директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғары санатты география пәні мұғалімі Жунусбаева Марал Тұрмысқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×