Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы әлем

12 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бағдарлама 4 - 5, 5 - 6 жастағы баланың қол саусақтарының ұсақ маторикасын дамытады. Қолдың ұсақ қол маторикаларын дамыту балалардың сөйлеуінің дамуына апаратын жол. Балада сөйлеу кемшілігі қалыптасқан жағдайда саусақтың жаттығуына ерекше назар аудару керек, өйткені мидағы сөйлеу аймақтарының морфологиялық және функционалды қалыптасуы қолдың импульстерінің әсерінен әрекетке қосылады.

Түсініктеме
Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл, өз бетінше әрекет ететін бастамашыл, өз мүмкіндігін біліп, өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі « Шығармашылық» білім беру саласының маңызы зор.
Шығармашылық саласының мақсаты - баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік - эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Бекітілген оқу жоспары негізінде шығармашылық саласынан тыс "Сиқырлы әлем" атты вариативті компонент бөліміне бағдарлама құрылды.
Бағдарламаның мақсаты:
Тәрбиеленушіге қосымша білім беруде тәрбиеленушінің білімін, шеберлігін көрсету. Тәрбиеленушіні шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
- Тәрбиеленушілерді шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.
- Баланың шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
- Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
- Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады: "Сиқырлы алақандар"(36 сағат), "Сиқырлы жолақтар" (36 сағат)

1 - бөлім: "Сиқырлы алақандар"
Мақсаты: балалар мен дәстүрлі емес сурет технологиясы арқылы қолдың ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
• Түрлі материалдарды пайдаланып дәстүрлі емес техника мен әдістерін үйрету
• Түрлі кескіндеме жанрларымен таныстыру
• Кескіндер, түстер арқылы бейнелеу, қиялдау қабілетін дамыту
• Балалар шығармашылығын қолдау.
Күтілетін нәтижелер:
- жануарлардың пішінін бейнелей алады;
- көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;
- жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;
- қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;
- ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

2 - бөлім: "Сиқырлы жолақтар"
Мақсаты: "Квиллинг" қағаздан құрастырудың көркемдік әдісі ретінде, квиллинг техникасының қарапайым тәсілдерін меңгерту негізінде балаларды жан - жақты интеллектуалды және эстетикалық тұрғыда дамыту.
Міндеттері:
Оқытып - үйрету:
• Балалардың квиллингтің негізгі үлгілерімен және оның түсініктерімен таныстыру;
• Қағазбен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін үйрету;
• Ауызша нұсқаулықтарды қолдана білуге үйрету;
• Балаларды негізгі геометриялық түсініктерімен таныстыру: домалақ, шаршы, үшбұрыш, бұрыш, жақ, биіктік, төртбұрыш және т. б.
• Арнайы терминдермен баланың сөздік қорын жетілдіру;
• Квиллинг техникасында орындалған бұйымдар композициясын жасап шығару.
Дамытушы:
Логикалық және кеңістіктегі қиялын, есте сақтау, назар аудару қабілетін дамыту;
• Көзбен шамалау қасиетін және қол саусақтарының ұсақ маторикасын дамыту;
• Оқушылардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту;
• Балалардың көзбен шамалауын дамыту, қолдарының ұсақ маторикасын жетілдіру, саусақтарының дәлме - дәл қозғалуына үйрету, қолдарымен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
• Квиллинг техникасына қызығушылығын тәрбиелеу;
• Еңбек мәдениетін құрастыру және еңбек дағдыларын жетілдіру;
• Ойын жағдайларын қалыптастыруға әрекет жасау, балалардың коммуникативтік қабілеттерін кеңейту;
• Жинақылыққа, ұқыптылыққа, мұқият болуға, материалды үнемдеп және күтіп қолдануға үйрету, жұмыс орнын тәртіпте ұстауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- кіші жастан өз бетінше ізденуге;
- олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне;
- топпен және дара жұмыс істеуге дағдылануы;
- өзін - өзі тексеруге, өзін - өзі бағалауға, қорытынды жасай білуге, өз пікірін - айта білуге;

Садуақас Сатыбалдин атындағы
орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі
Магмурова Асель Бекетовна

Сиқырлы әлем. жүктеу
5 993
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым - қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой - өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×