Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Статистикалық топтастыру

23 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық топтастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің статистикалық пәніне деген қызығушылығын арттыру және толықтай мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын жеткізе білуге, жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттердің ойлау қаблеті мен дағдысын дамыту: тақырыпқа байланысты өз бетімен іздену арқылы логикалық ойлау қаблетін дамыту
Сабақтың типі: Меңгерген білімді бекіту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Салыстыру, түсіндірмелі баяндау, сұрақ - жауап, инсерт әдісі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Техникалық оқыту құралдары және көрнекіліктер: Презентациялар, мультимедиалық проект, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, Бухгалтерлік есеп негіздері, Микроэкономика.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді тексеру,
Аудиторияның тазалығын бақылау. Студенттердің ынтасын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Студенттерді үш топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын бекіту: Сұрақ - жауап.
1. Оперативті жедел немесе оперативті - техникалық есеп.
2. Статистиканың сандық жағы дегеніміз не?
3. Статистикалық бақылау.
4. Статистикалық көрсеткіштерді талдау.
5. Статистикалық есеп.
6. Статистика дегеніміз не?
7. Бухгалтерлік есеп
8. Статистикалық жиынтық бірлігі
9. Статистикалық бақылау объектісі
10. Статистиканың жиынтық бірлігі

3. Жаңа тақырып:
Қысқаша мәлімет
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізілгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтау - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептеледі. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.
Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір - бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.
Олардың әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Сондықтан, топтау статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі. Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.
Топтау статистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:
1. Жалпы жиынтықты біртектес сапалы бөліктерге, яғни әлеуметтік - экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;
2. Қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;
3. Қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.

Атырау Мұнай және Газ технологиялық колледжі» КМҚК
Арнаулы пән оқытушысы С.Кушербаева

Статистикалық топтастыру. жүктеу
4 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Езбе көжелер түрлері
Езбе көжелер түрлері
Езбе - көжелердің түрлері, құрамы, дайындау технологиясы мен ұсыну температурасы, безендіру, тарату мен басқа көжелерден айырмашылығын атап көрсету.
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус тақырыбын қайталау
Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шамалар түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Бағалы қағаз. Пунктуация
Бағалы қағаз. Пунктуация
Байқоңыр «космос»колледжінің Жалпы пәндер оқытушысы Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×