Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нашақорлыққа қарсымыз (сыныптан тыс шара)

12 ақпан 2012, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Нашақорлыққа қарсымыз
А) Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру.
Ә) Балалардың рухани қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларға эстетикалық - этикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Мақалдар, арақ, темекі, наша, суреттер.

Барысы:
Мұғалім: Қазақстан – демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және адамның өмірі.
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап,
СПИД індетін тудырып отыр.
ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром.
2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3, 8 млн. 15 жасқа дейінгі жасөспірім балалар болып отыр.
Егер жасөспірім 14 жасында ВИЧ инфекциясымен зақымданса
тек 25 жасында ғана белгілері байқала бастайды. Ол 7 жыл ВИЧ инфекциясын жұқтырушы адам болып келеді.
1 - оқушы:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
2 - оқушы:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
3 - оқушы:
Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
Бәрі:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
4 - оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
5 - оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
6 - оқушы:
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
7 - оқушы:
Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ - жұлақ етеді,
- Сіріңкеңіз бар ма?- деп.
Оқушы:
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан - тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.

Мұғалім: СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел. Қазіргі таңда СПИД – тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден - бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек.
Егер білім болса, адам өзін - өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс - шараларына қатысады.
(Сахнаға басы салбырап, мұңды жас жігіт шығады)
Жүргізуші:
Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді,
Солып қапсың,
Тынышыңды кім бұзды?
Жігіт:
Өмір қатал,
Көңіліңе қарай ма?
Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма?

Жүргізуші:
Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның?
Қане отыр да
Түсіндіріп бәрін айт.
Жігіт:
Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықтың барлық алтын - асылын.
Пенделіктің орманында тонаттым,
Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілін,
Наша үшін қиған жастай өмірін.
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.
Жүргізуші:
Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзің жанбай жатып,
Жақын тұрсың сөнуге,
Пенделікті шалғайға айтып,
Тағдырыңмен қол ұстасып көруге,
Жетер ме екен батылың?
Сені терең ойға таратар,
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, қане, жарқыным!
Саған қиянат жасағандардың әңгімесін тыңдайық.

БҚО, Шыңғырлау ауданы
Тасмола ОЖБББМ
Китарова Лайла Толыбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 883
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,
Спид не үшін қауіпті?
Спид не үшін қауіпті?
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Біз нашақорлыққа қарсымыз!
ШҚО, Семей қаласы КМҚК «КҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Талгатбекова Назгуль Калыковна
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД, нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық, ұрлық, т. б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тәрбие мен сананың, жігердің жетпей тұрғаны.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×