Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » СДУ отандық ЖОО - на қашықтықтан оқу форматы бойынша нұсқаулық береді

СДУ отандық ЖОО - на қашықтықтан оқу форматы бойынша нұсқаулық береді

30 наурыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
СДУ отандық ЖОО - на қашықтықтан оқу форматы бойынша нұсқаулық береді
Сулейман Демирел атындағы Университеті соңғы 2 жылдан бері Webex онлайн білім беру платформасын магистратура және докторантура дәріскерлеріне қашықтықтан дәріс беруде кеңінен қолданып келеді. Қазіргі елдегі жаппай карантин жағдайына байланысты білім ордасы Webex платформасына бакалавриат бағдарламасындағы білімгерлерді де толықтай қосып, қашықтықтан оқыту форматын соңғы екі апта ішінде тәжірибе жүзінде сәтті пайдалануда. Осыған орай Университет отандық жоғары оқу орындарына қашықтықтан оқыту форматы бойынша бірқатар практикалық нұсқаулықтар беруге дайын.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, оқу - әдістемелік кешенін («учебно - методический комплекс дисциплин») оңтайландыру мақсатында СДУ Moodle платформасын студенттер мен оқытушылар арасында оқу - материалдарымен бөлісу үшін қолданып келеді. Егер бұрын оқу процесі барысында семестр сайын 150 - 200 бет материал қағаз жүзінде жазылатын болса, Moodle платформасы сол жұмысты онлайн форматта ыңғайлы, кез - келген уақытта, қажетті жерде қолжетімді жүзеге асырып, әрі студенттер мен оқытушылар арасында материалды бөлісуге жол ашқан болатын.
- Елімізде қашықтықтан оқытуға көшудің қажеттілігі туындаған кезде біз оқытушылардың барлығына Moodle платформасын қолдану бойынша трениниг өткізіп, әрі қарай әр пән оқытушысына платформаны қолдана отырып, өз саласы бойынша нақты бағыт - бағдар бердік. Сондай - ақ, Coursera платформасы үстіміздегі жағдайға байланысты ақысыз қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде кез - келген ЖОО бұл платформаны тегін қолдана отырып, платформада жеке парақшасын аша алады. Ол үшін Coursera сайтына кіріп арнайы форманы толтыру қажет: Университет туралы мәлімет, қанша қолданушы бар, қанша оқытушы бар, сынды ақпарат талап етіледі. 1 - 2 күннің ішінде платформа қалдырған сұранымға жауап беріп, тегін кіруге мүмкіндік береді. Мысалы, қазір біздің университетке берген тегін кіруде 3600 - ге жуық пән бар. Оларды оқытушылар мен студенттер ақысыз пайдалана алады. Екіншіден, ол платформаға пән немесе бағдарлама ретінде курстарды алуға болады және де студенттердің үлгерімі бойынша статистикалық - сараптамалық ақпаратты алуға болады, - деп мәлімдеді СДУ оқу ісі жөніндегі проректоры Давроножон Гаипов.
Қазірде СДУ оқытушылары 100% Moodle платформасын қолдануға мүмкіндігі бар. Одан бөлек өз таңдаулары бойынша синхронды, Webex арқылы сабақты жүргізіп, студенттермен байланыс орната алады. Егер студент саны көп болса, мысалы бір топта 100 - ден көп тыңдаушы болса, онда сабақтардың көшірмесін Moodle арқылы бөлісіп, кейін жазбаша пікір алмасып, білімгерлер жеке байланыс арқылы сұрай алады. СДУ студенттердің сабаққа қатысуын қадағалаудың екі жолын қолданып отыр. Біріншісі – студенттердің сабаққа қатысуын портал арқылы белгілеу. Екіншісі – сабақтардың орындалу - орындалмауын деканаттар күнделікті, сағат сайын тексеріп отырады. Интернет желісі төмен аймақтардағы студенттердің сабаққа қатысу - қатыспауын жеке қарастырылуда.
Факультеттер тарапынан қажеттіліктер анықталды. Кімге қандай жабдық керектігі: құлаққаптар, веб - камера, планшеттер қажет болып, барлығы университет әкімшілігі тарапынан сатып алынды және факультет оқытушыларына таратылды. Одан бөлек, университетімізде видео - сабақты таспаға жазып алатын студия бар, онда бірнеше оқытушы сабақтарын видео форматына түсіруде.
Сабақ кестесі сол күйінде қалды, тек қана «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедраларында сабақ кестесінде студенттерге де, оқытушыларға да ыңғайлы болсын деп өзгерістер енгізілді. Үй тапсырмасының ауқымына қатысты бағдарлама координаторлары әр бағдарламаға жеке көңіл бөлуде. Жалпы онлайн білім алуда жауапкершіліктің көп бөлігі студентке түседі. Сондықтан оқытушыларға сол жауапкершілікті, білімгерлердің санасына сіңіруі қиындық тудыруы мүмкін. Қажетті материал, мақала, бағдарламамен қамтамасыз ету жауапкершілігі толығымен оқытушыға жүктелді.
Қашықтықтан білім беру форматы және онлайн платформаларды пайдалану бойынша толық ақпаратты барлық отандық жоғары оқу орындары СДУ сайтынан сілтемесі арқылы тауып тегін пайдалана алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс үшін оқу орнының арнайы call орталығы +77273079565 қызмет істейді немесе сұрақтарды info@sdu. edu. kz электронды поштасына қалдыруға олады.
594
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, - деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)