Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » СДУ Дубай «Экспо - 2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі атанды

СДУ Дубай «Экспо - 2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі атанды

05 ақпан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
СДУ Дубай «Экспо - 2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі атанды.
Университет президенті Мейірбек Мажитов бастаған СДУ делегациясы іс - сапармен Дубайға барып қайтты. Сапар барысында «ЭКСПО - 2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесінің әкімшілігімен кездесу өткізіп, нәтижесінде тараптар халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
- Ресми келісімге сәйкес СДУ «ЭКСПО - 2020 Дубай» көрмесіне оқыту турларын ұйымдастыру бойынша алғашқы халықаралық серіктес университет мәртебесіне ие болды. Халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы жеті оқыту турын құрайды, оның ішінде студенттер маңызды пәндер бойынша әлемнің жетекші университеттерінің үздік тәжірибесінен толық ақпарат алады. Жалпы, ұйымдастырушылардың мақсаты – көрме барысында әлемнің түкпір - түкпірінен студенттерді тарту. Қысқа мерзімді оқыту аясында студенттер тәжірибе алмасу, қолданбалы - ғылыми сипаттағы жобаларды зерттеу, индустрияның жетекші сарапшыларынан қарқынды тренингтерден өтуге мүмкіндік алады. Мұндай әдіс шетелдік студенттердің Дубай қаласында мансап құруға қызығушылығын арттырады, - деп түйіндеді СДУ президенті Мейірбек Мажитов.
«ЭКСПО - 2020 Дубай» бүкіләлемдік көрмесі – «ақыл - ойды біріктіре отырып, болашақты құрамыз» ұранымен өтетін ауқымды іс - шара. Шараның басты мақсаты – миллиондаған адамдарға адамзаттың соңғы жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету. Көрмеге келушілердің саны 25 миллионға жуық адамды құрайды, олардың 70 пайызы шетелдіктер болады деп күтілуде, бұл дүниежүзілік көрмелердің 168 жылдық тарихында рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Көрме үш тақырыптық бағытта өтеді: «Мүмкіндіктер», «Ұтқырлық» және «Тұрақтылық». Көрмеге келушілер жаңа технологиялар мен тұжырымдамалар жайлы маңызды ақпараттар алады. Ауқымды шараға 200 - ден астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда: 192 ұлт, түрлі ұйымдар, компаниялар мен білім беру мекемелері.
225
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)