Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру

01 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру

Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.

Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым - қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

• Мақсаты Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
• Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырып, сөздік қорын молайту.
• Оқушылардың тілдік мәдениеттілігі мен тілдік іс - әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері
• Шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату.
• Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу.
Логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру.
• Алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру.
• Кіріспе
• Тақырыптың өзектілігі: Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс - тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
• Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс - әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
• Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.

• Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану
• Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

• Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
• 1. Алфавитті дұрыс меңгерту
• 2. Орфографияны дұрыс оқыту
• 3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
• 4. Лексиканы меңгерту
• 5. Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

• Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым - қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
• Стол үсті ойындары
Ойын түрлері
Мақсат, міндеті
Қолданылуы

Стол үсті ойындары
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой - өрісін кеңейтетін құрал.
ребус, кроссвордтар т. б оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдер бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі Кеспе қағаздар, суреттер тірек - сызбалар т. б. Оқушылармен жеке және топтық жұмыстарда қолданылады

Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс - әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
Іскерлік ойындар
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Тарауды, тақырыпты қорытындылау кезеңдерінде қолданылады

Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде қолданылады.

Ойын арқылы сөз байлығын, тіл қорын дамыту

Әбдраманова Айдана Ерболқызы
№41 М. Шоқай атындағы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру жүктеу
4 589
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ересек тобында ағылшын тілінен үйірме жұмысының перспективалық жоспар және Бағдарлама
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бисенова Асылғаным Латипқызы
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×