Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту

08 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Бұл баяндамада қазіргі мектеп үрдісінде шетел тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруда дидактикалық ойындардың қажеттілігі, яғни зор екендігі қарастырылған.
Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
(М. Жұмабаев)
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т. б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс – әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
• қисынды ой - қабілеті дамиды;
• өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
• сөздік қоры байиды, тілі дамиды;
• зейіні қалыптасады;
• байқампаздығы артады;
• өзара сыйластыққа үйретеді;
• ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
• бір - біріне деген оқушы сенімі артады;
• сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой - өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы. Математика 1 сынып
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыру
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Павлодар облысы, Май ауданы «Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп»ММ ағылшын тілі пән мұғалімі Майманова Альмира Акылбековна
Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды пайдалану
Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды пайдалану
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейсбаева Назгуль Базархановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×