Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз (мұғалімге көмекші құрал)

23 сәуір 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз (мұғалімге көмекші құрал)
5 - 6 сыныптар үшін

Бұл кітапша 5 - 6 сынып оқушыларына арналған. Бұл кітапшада 35 ойын түрлері берілген. Олар грамматикалық және лексикалық тақырыптарды қамтиды. Берілген ойындар оқушылардың сөздерді еске сақтауға, лексикалық сөз қорын байытуға, оларды ойландыру, іздендіру, өз бетінше еңбектеніп оқуға баулу, өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру міндеттері көзделген.
Пән мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Ойындар
1.«Choose your pair» ойыны.
2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.
3.«Find who» ойыны.
4.«Refresh 3 forms of the verb» ойыны.
5.«Auction» ойыны.
6.«Double or quits» ойыны.
7.«Football» ойыны.
8.«Animals» ойыны.
9.«Memory games» ойыны.
10.«Parts of the body» ойыны.
11.«Let’s draw a Rainbow!» ойыны.
12.«At the Zoo» ойыны.
13.« Family» ойыны.
14.«Don`t say “no” and “yes”» ойыны.
15.« Invisible Words.» ойыны.
16.«Good morning» ойыны.
17.«Who is the cleverest?» ойыны.
18.« Whose birthday is today?» ойыны.
19.«To write» ойыны.
20.«Colours» ойыны.
21.«Lottery» ойыны.
22.«Think and write» ойыны.
23.«Who is the last to finish the phrase» ойыны.
24.«True and false chair» ойыны.
25.«Correcting mistakes» ойыны.
26.«Fulfill the order» ойыны.
27.«Have you ever…? When did you…?» ойыны.
28.«Find who» ойыны.
29.«Roll the ball» ойыны.
30.«Noughts and crosses» ойыны.
31.«Interpreter» ойыны.
32.«Where is it?» ойыны.
34.«Super secretary» ойыны.
35.«Who reads a lot» ойыны.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы – оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.
Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс - тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Ойын - ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.
• Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл - ой әрекеттерін дамытады.
• Ойын тілді жан - жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.
• Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.
• Ойын шынайы қарым - қатынас жағдайын туғызады.
Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан - жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын - балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.

1.«Choose your pair» ойыны.
Мақсаты: бұрыс етістіктің формаларын дұрыс қолдана білу;
Қажетті нәрселер: бұрыс етістіктің екінші және үшінші формасымен жазылған сөйлемдер;
Ойын барысы:
Барлық карточкаларды араластырып, әр оқушыға бір - бір сөйлемнен алу ұсынылады. Оқушылар алған карточкаларындағы сөйлемді іштей оқып қай формада екенін табады. Егер сөйлемде етістіктің екінші формасы болса, оқушы үшінші формасы бар сөйлеммен оқушыны табу керек және керсінше. Оқушыларға орындарынан тұрып, өз жұбын табуға рұқсат етіледі. Екі форманы да тапқан оқушылар жұп құрайды. Олар өз сөйлемдерін оқып, етістіктің негізгі формасын айтады.
Карточкалар үшін мынадай сөйлемдер алуға болады. Мысалы:

1. I went to school last year. a﴿ He has gone there by tram.
2. We saw the film five days ago. b﴿ They have already seen this play.
3. My mother did our flat yesterday. c﴿ I have done my homework.
4. The birds flew to the south last month. d﴿ They have flown to Astana recently.
5. A small boy drew his own house last Sunday. e﴿ Asan has drawn a wonderful picture.
6. Asel rang me up yesterday. f﴿ Sveta has rang me three times this morning.
7. The concert began at 7 o’clock. g﴿ The film has already begun.
8. He took a bath two hours ago. h﴿ You have taken my pen.
9. Berik wrote a letter last week. i﴿ Mr. Smith has written many short stories.
10. The boy ate a ham sandwich. j﴿ I haven’t eaten yet.
11. I knew him very well. k﴿ They have known each other since childhood.
12. They rode in the park two days ago. l﴿ The pupils have ridden three miles and are tired.
13. Marat swam much when he was in the country. m﴿ He has swum very far, I can’t see him.
14. He fell suddenly and hurt his knee. n﴿ The leaves have fallen and the trees are bare.

2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.
Мақсаты: жалпы сұраққа толық жауап беруді үйрету;
Қажетті нәрселер: Present Perfect және Past Simple сұрақтары бар карточкалар;
Ойын барысы:
Сынып 3 немесе 4 оқушыдан топ құрайды. Әр топтан 1 оқушыдан тақтаға шығады. Мұғалім Present Perfect және Past Simple қолданып, сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа толық жауап берулері керек, бірақ «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін қолданбаулары керек. Немесе ойынды жалпы сыныппен де өткізуге болады, әр оқушыға кезек - кезек сұрақ қою арқылы.
Мысалдар:
1. Have you seen your friend today?
2. Did you go to the cinema on Sunday?
3. Have you been to Astana this year?
4. Did your parents take you to Almaty last year?
5. Have you written any letters this week?
6. Did you get many presents for your birthday last year?
7. Did mother give presents on holiday to you?
8. Did father come home at 8 o’clock in the evening yesterday?
9. Did your family have fish for supper yesterday?
10. Have you eaten bananas this week?
11. Has your classmate given you a book today?
12. Did you fly to the Black Sea in summer?
13. Has your sister ever seen the Caspian Sea?
14. Did your brother swim in the Ural in August?
15. Has your grandmother ever told you about her childhood?
16. Have you made your bed today?
17. Did you drink tea with milk for breakfast?
3.«Find who» ойыны.
Мақсаты: Past Simple және Present Perfect формасында жалпы сұраққа толық және дұрыс жауап беру;
Қажетті нәрселер: әр оқушыға арналған тапсырмалар;
Ойын барысы:
Сынып 2 топқа бөлінеді: А және Б. А тобындағы әр оқушы тапсырма алады. Бұл топтың мақсаты Б тобындағы оқушылардың берілген тапсырмадағы іс - әрекеті орындағаны немесе істегені. А тобының оқушысы Б тобының оқушысынан сұрайды: «Did you go to the library yesterday?» әлде «Have you gone to the library this week?» т. б.
Егерде Б тобының оқушысы «иә» деп жауап берсе, А тобының оқушысы оның атын өз қағазына жазады. Берілген уақыт ішінде кім көп ат жасса, сол жеңеді. Ойын соңында барлық оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардың толық жауап берулерін қадағалайды.
Мысалдар:
Action -------------------------------------------------- Names
1. to go to the cinema (2 days ago)
2. to go to the library (this week)
3. to meet a friend on the way to school (just)
4. to swim in the lake (in summer)
5. to buy apples (yesterday)
6. to drink milk for breakfast (in the morning)
7. to write letters in English (ever)
8. to sleep outdoors (ever)
9. to come back home at 2 o’clock after classes (yesterday)
10. to get many good marks (this month)

Құрастырушы: Койшыгалиева Венера Хаировна
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз (мұғалімге көмекші құрал) жүктеу
3 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық технологиясын пайдалана отырып балаларды қазақтың әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне баулу
Асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1. Дидактикалық ойындар. 2. Қозғалыс ойындары. 3. Рөлдік ойындар. 4. Грамматикалық ойындар. 5. Фонетикалық ойындар. 6. Лексикалық ойындар. 7. Іскерлік ойындар. 8. Интеллектуалды ойындар. 9. Ұлттық ойындар.
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
26+7 және 53 – 7 жағдайларындағы қосу мен азайту
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Бастауыш класс мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жаңқұлов Мейрамбек Шарапатұлы Кім Қайда Қашан (Интеллектуалды-танымдық ойыны)
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×