Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ананың біз гүліміз

15 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балапан» тобының ертеңгілігі естияр тобы

Жүргізуші 1: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан, құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ананың біз гүліміз»- атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз
Жүргізуші 2:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
(Балалардың тақпағы Альбина, Алмат, Альмира, Абу, Малика, Санжар, Томирис, Алтынбек, Гүлзада, Расул)
Жүргізуші 1: Ән: «Көктем»
Жүргізуші 2: Бүгін ертегі кейіпкерлерінің рөлінде балалар өздері ойнап көрсетеді. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей – ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз – Гүлзада
Мысығым - ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш - піш деп,
«Мяу! - деп дыбыс бере ғой.
Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық - Асылжан:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт - көжемді ішіп – дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Данияр:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Даулет:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×