Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.

19 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету.

Балабақша балаларына ертегімен психологиялық қызмет көрсету. Балабақша балаларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастырудың орны балалар өмірінде ерекше орын алады. Баланың интеллектуалды қабілетін, рухани байлығын, ой - өрісін дамытуда шығармалардың маңызы зор. Балабақша балалары көркем шығармалармен таныса отырып, олардың жанрын айыра білуге қол жеткізеді. Әдеби шығармалар баланы өмірдегі ең күрделі әлем - адамдар сезімі, қуанышы мен қайғысы, қарым - қатынастары, мінез - қылықтары әлеміне енгізеді. Айналадағы шындық туралы балалардың білімін кеңейтеді. Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті - болашақта әдеби білімді адам тәрбиелеудің негізі болып табылады. Көркем әдебиет сабағында балалар жаңа шығармалармен танысады, оларды тыңдауды, түсінуді үйренеді. Балаларға ертегі, тақпақтарды түсіну, олардың образдарына кіру, қылықтарын бағалау өте маңызды. Әрбір адам туылғаннан бастап ертегі, батырлар жырын, аңыздарды, өсиет әңгімелерді тыңдап өседі.

Ертеде білім мен ақыл ұрпақтан ұрпаққа ертегі түрінде жеткізіліп отырған, себебі ол қабылдауға жеңіл, әрі есте жақсы сақталады. Бала ертегі кейіпкеріне ұқсағысы келген кезде ертегі терапиялық әсер етеді. Ертегі жақсылыққа үміт береді де баланың өмірінде болып көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді. Ертегіні оқып жатқан уақыттағы елестетіп ойлау арқылы пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге мүмкін емес таңғаларлық ғажайып шытырман оқиғаға қызығушылық болып табылады. Ертегі елестетіп ойлау қабілетін қалыптастырады.

Ертегіде мейірімділік пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, батылдық пен қорқақтық сияқты т. б ұғымдар берілген. Бұның бәрі адамгершілік құндылықтар арқылы бала тұлғасын қалыптастырады. Ертегі педагогикада, психологияда және де психотерапияда қолданылады. Бұл әдістің қолдану кеңдігі қол жетімділік пен тиімділікте белгіленген. Ертегі - баланың ішкі дүниесінің айнаша ақтарылатын символикалық үлгісі деуге болады. Ол балаға мүлде әр түрлі әлеуметтік рөлдерді басынан кешуге, ертегі оқиғалары мен нағыз өмір арасындағы байланысты айыруға мүмкіндік береді. Ертегіде көзге көрінбейтін ұстаз бар екені сезіледі, ол сездірмей үйретіп отырады, кейіпкердің қателік жасауына жол бермейді. Балаға келіспеушілік жағдайды шешуге болатын жолдарды қарастыруға ұсыныс жасалады. Бұл жағдай баланың альтернативті және позитивті ойлау қабілетін дамытады.

Тәрбиелік мағынада бала мен үлкен адам арасындағы жағымсыздықты жеңіп шығуға мүмкіндік беретін байланыстырушы ретінде әсер етеді. Ертегі эпизодтарын ойнау - балаға басқа кісіге айналуға, кейіпкердің көңіл - күйін сезінуге, өз эмоцияларын білдіруді жетілдіруге мүмкіндік беру. Қойылымды ойнауға тек балалар қатыспай, қуыршақтарды қолданып ойнауға болады. Ертегіні талдауда балалар естігенін және оқығанын терең өзгерте алады. «Ертегі не туралы? Қай кейіпкер бәрінен де қатты ұнады, неге?»деген сияқты сұрақтарға байланысты талқылау әңгімелеуге итермелеуі тиіс. Әңгімелеу - балаға таныс ертегіні бірінші немесе үшінші жақтан немесе тіпті ол сол ертегінің кейіпкері болмаса да басқа кісінің атынан әңгімелеуді ұсынуға болады. Мұндай тәсіл елестету мен бейнелеу қабілетін дамытады, бала өзін басқа адамның орнына қоя алады, ішінен ашылады да өзіне назар аударады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 294
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшаға бейімдеу
Балабақшаға бейімдеу
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Баланы балабақшаға дайындау жолдары
Баланы балабақшаға дайындау жолдары
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017. Балалардың қимылдық белсенділігін дамыта отырып, инновациялық әдістермен технологияларды қолданып, логикалық ойлауын, интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін қоршаған ортаға жағымды қарым - қатынасын
Бүлдіршіндерді балалар әдебиет әлеміне баулу
Бүлдіршіндерді балалар әдебиет әлеміне баулу
Балабақша тәрбиешісі Гульмира Еспусинова
Балабақша - базарлы үй
Балабақша - базарлы үй
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×