Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша - базарлы үй

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлім: «Көркем әдебиет»
Тақырып: «Балабақша - базарлы үй»
Мақсат: Балалардың балабақша туралы білімдерін, өлең жолдары арқылы толықтыру. Сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқуға, сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету. Балабақшада өз үйлерінде жүргендей еркін жүруге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: қонжық, Балабақша суреттері
Сөздік: Балабақша - детский сад;

Іс - әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті - оятушылық
- Балалар, біздің досымыз кішкентай қонжық, сендерге бірдеңе үйреткім келеді дейді. Кеше сендер оны балабақша бөлмесімен таныстырғансыңдар. Енді ол сендерге Балабақша дегеннің не екенін үйреткісі келеді екен?
Қонжықтың ұсынысын қабыл алады.

Ұйымдастыру - іздеушілік
(Тәрбиеші қонжықты қолына алып, оның атынан бабалармен диалогқа түседі)
- Сендер балабақшаға қашан келесіңдер?(таңертең) Содан кейін не істейсіңдер? (ойнаймыз, тамақтанамыз, ұйықтаймыз)
Осындай іс - әрекеттерді сендер үйлеріңде де істейсіңдер солай ғой? Демек балабақша да сендердің үйлерің болып саналады екен. Біз барлығымыз бір үйде тұрып жатқан достармыз. Біз балабақшада ойнаймыз - күлеміз, бір - бірімізді ренжітпеуге тырысамыз. Ендеше мен сендерге балабақша туралы бір білетін өлеңімді айтып берейін. (бірнеше қабатты балабақшалар суретін көрсете отырып)
Балабақша базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
- Ой қандай тамаша өлең жолдарын айттың сен қонжық. Біздің балаларға осы өлеңіңді үйретші. Балалар қонжық сияқты балабақша туралы өлеңді жаттап, айтып жүргілерің келеме? Жаттап алған соң кешке аналарымызға айтып беріп, қуантамыз.
1) Оқып беру
2) Әр шумақта айтылған сөздерге түсінік беру
3) Хормен қайталатып айттыру
4) Жаттап алған баланы тыңдау

Балалар жауабы
Қонжықты мұқият тыңдайды.
Жаттап алуға келіседі.
Хормен қайталайды.

Қорытынды - түзетушілік Қандай тамаша өлең, мұны бізге не үйретті? (қонжық)
- Балабақшаны қандай үй дейді? Иә демек көп баласы бар үй деген сөз екен.
- Қаладағы ажарлы үй дегенді қалай түсіндік? Дұрыс айтасыңдар әдемі, әсем, кең, үлкен үй (бала көп болғандықтан үлкен, кең болады) дейді.
- Кімдердің күлкісін айтып тұр? (біздің) Әрине сендердің күлкілеріңсіз балабақша қызықты, әдемі болмас еді.
- Балабақшаны өз үйлеріңе ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
Қонжыққа рахметімізді айтайық. Хормен тақпақты тағы қайталату. Балалар жауабы

Қонжыққа рахметтерін айтады.
Үміттенген нәтиже:
Білу: балабақша туралы өлең жолдарын жатқа білу
Болу: өз үйіндегідей еркін, балабақша заттарына ұқыпты болу
Еп: өлеңді, түсініп айту, мәнерлеп оқу ебі
22 078
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша – біздің екінші үйіміз
Балабақша – біздің екінші үйіміз
Балабақшам менің Жаңа қадам жасадым Қош болып тұр, бесігім Мен қуанып ашамын Балабақша есігін.
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017
Дайын күнтізбелік жоспар, балабақша 2017. Балалардың қимылдық белсенділігін дамыта отырып, инновациялық әдістермен технологияларды қолданып, логикалық ойлауын, интеллектуалдық шығармашылық қабілеттерін қоршаған ортаға жағымды қарым - қатынасын
Біздің топ
Біздің топ
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Егеменді Қазақстан
Егеменді Қазақстан
Темір ауданы«Алақай»балабақша «Алақай» балабақша тәрбиешісі Қуаншалина А. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×