Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы орманға саяхат

03 қазан 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі
Жумагулова Гулжан Базарбаевана

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Шығармашылық
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе білу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Міндеті: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің бейнелі суреттері

Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң апайлар
Қайырлы таң достарым!
Балалардың назарын оқу іс - әрекетке аудару.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Балалар сендер қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1 бала: Әппақ, Әппақ қар әппақ
Айналаның бәрі әппақ
Қырау - қырау әппақ
Қар жамылған дала әппақ

2 бала: Бір топ бала
Қардан соқты аққала
Мұрны сәбіз үп - үшкір
Көзі көмір қап - қара.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Балалар сендердің орманға барғыларың келеді ме?
Балалар: Иә, барғымыз кледі.
Тәрбиеші: Ендеше бәріміз паравозға мініп, әндетіп барайық.
Балалар әндетіп жолға шығады.
Тәрбиеші: Міне балалар, орманға да жеттік. Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Шыршалар, ағаштар көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Мына ағаштың түбінде не отыр балалар?
Балалар: Ақ қоян.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсің бе.
Қоян: Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Орманды көруге келдік.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, орман қандай тамаша, ауасы қандай керемет, айналаның бәрі әппақ! Ал мынау ненің апаны?
Қоян: Бұл аюдың апаны.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына қардың үстіндегі ненің іздері?
Қоян: Бұл менің іздерім, ал мыналар әр түрлі құстардың іздері.
Тәрбиеші: Балалар біз қоянға аңдардың іздері мен қардың суретін салып көрсетейік.
Балалар: Қоян сен бізбен бірге жүр, саған сурет салуды үйретеміз.
Қоян балалармен бірге паравозға мініп, әндетіп топқа келеді.
Тәрбиеші: Балалар сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар, біраз сегіп алайық. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан.
Балалар 2 топқа бөлініп отырады.
1 - ші топ саусақ ұшы арқылы қар ұлпаларын бейнелейді.
2 - ші топ саусақтары және жұдырықтары арқылы әртүрлі аңдардың, құстардың іздерін бейнелейді.
Қоян: Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, суретті жақсы салады екенсіңдер. Сендерге рахмет, мен енді орманға кетейін. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
11 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы "Балапан" бөбекжайының тәрбиешісі Шекеева Венера Бейсембаевна
Көктемгі орманға саяхат
Көктемгі орманға саяхат
Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат
Қыс кереметі
Қыс кереметі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №11 «»Балапан балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×