Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс кереметі

12 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Қыс кереметі»

Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Тіл дамыту. Қ. М. Ұ. Қ. Сурет
Мақсаты:
1. Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін, тілін дамыту
3. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылыққа баулу.
Түрі: Аралас
Әдісі: Түсіндіру. Серуен. Раунд - Робин.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер (электронды), қысқы орман
көрінісі, сурет салуға қажетті құрал - жабдықтар.

Іс - әрекет этаптары
Тәрбиешінің іс - әрекеті. Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң балалар!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Орындарынан тұрып, қимылмен орындайды
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінде неше ай бар? 3 ай бар
- Қане санай отырып, рет - ретімен атайықшы
1. Желтоқсан,
2. Қаңтар
3. Ақпан
- Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады екен? Салқын болады
- Тағы қандай өзгерістер болады? Суреттерге қарай отырып айтады.
- Көктем мезгілінде немесе жаз мезгілінде қар жауады ма? Жоқ, жаумайды
- Қай кезде ғана жауады? Қыс мезгілінде
- Жарайсыңдар. Міне көрдіңдер ме, балалар, бұл да қыстың бір кереметі.
Яғни біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: Қыс кереметі деп аталады.

Іздену, ұйымдастыру (Осы кезде есік қағылып, қолында сиқырлы таяғы бар Қыс ханшайымы келеді) Назар аударып қарайды
Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Сіздердің мен туралы айтқандарыңды естіп едім, қыс мезгілі туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ал қыс туралы қандай болжамдар біледі екенсіңдер?
- Қыс аязды болса жаз ыстық болады Ринат
- Қыс қарлы болса жаз жаңбырлы болады Меруерт
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, ал мына жұмбақты шеше аласыңдар ма? Иә
- Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады.
Ол не? Аяз
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы біз орманға барып қыс кереметін тамашалағымыз келеді. Солай ма, балалар? Ия, солай
Ханшайым: Жарайды. Онда бәріміз орманға барайық. Мен сендерге сиқырлы таяғыммен қанат бітірейін.
(Барлығы ұшып орманға келеді)
Табиғатты тамашалайды
Бұтақта отырған тиінді көреді.
Тәрбиеші: - Ой, балалар, мынау қандай аң? Тиін
- Тиін туралы кім тақпақ біледі екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту, саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×