Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Даулеталиева Зоя Мырзахановна

«Құлпынай» орта тобы бойынша ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.
Бөлім: тіл дамыту, көркем әдебиет, сурет, жапсыру.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға таныс ертегілердің мазмұнын айтып беру, қабілетін дамыту. Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлер рөлін сомдауды қалыптастыру.
Логикалық ойлау, зейін қою, есте сақтау қабілеттерін, саусақ маторикасын дамыту. Тілдік қорын молайту. Қарапайым пішіндерді қиып, құрастырып, жапсырудың, сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту. Эстетикалық танымдарын дамыту.
Көрнекілік: безендірілген ертегілер елі, суреттер, үлгі, үнтаспа.
Қажетті құралдар: су бояқ, ақ, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы.
Жаңа сөздер: ерте, ерте, ертеде...
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, түсіндіру, мадақтау.
Билингвалдық компонент: ертегі - сказка - fairy tale.
Инклюзивтік әлеумет: даму мүмкіншілігі аз балаларға көмектесу.

Мотивациялық қозғаушы Сәлемдесу.
Шаттық шеңбер.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Жүрекке жылу алайық.
Таза ауаны жұтайық,
Мейірімділік шоғын алайық
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Қане, кім атап береді?

Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Ертегі орыс, ағылшын тілінде қалай айтылады?
Балалар әр елдің өз ертегісі бар. Ертегі адамдардың қиялынан, ой, арманынан шығарылады.
Қазақ ертегілері қалай басталады?
Ал, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көрсеңдер, мына ертегіні аяқтап, қай елдің ертегісі екенін айтып беріңдерші?
Балалар, ертегілер еліне барғыларың келеді ме?
Балалар, ертегілер елінің қақпасы ашылу үшін жұмбақтар шешуіміз керек.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Аю қай ертегіде кездеседі?

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Қоян қай ертегіде кездеседі?

Іздену ұйымдастырушы
Қақпа есігі ашылып, балалар ертегі еліне кіреді.
Балалар ненің дауын естіп тұрсыңдар?
Бұл орманда қандай жануарлар мекендейді?
Бұлар қандай жануарларға жатады?
Балалардың алдынан аю ренжіп шығады.
Балалармен сәлемдеседі.
Аю ренжіп үйшігінің қирап қалғанын айтып, көмек сұрайды.
Балалар бұл үйшікте тағы кімдер тұрды?
Балалар бұл қай ертегі екен? Бұл қай елдің ертегісі?
Аю сен ренжіме, балалар саған көмектеседі.

Балаларға шұбар тауық кездеседі. Балалармен сәлемдеседі.
Тауық балаларға алтын жұмыртқасын жарылып қалғанын айтады.
Балалар жұмыртқаны кім жарыпты?
Қалай жарыпты?
Балалар бұл қай ертегі?
Қай елдің ертегісі?
Тауық сен ренжіме, біздің балалар саған көп жұмыртқа сыйлайды.

Балалардың алдынан бауырсақ өлең айтып шығады.
Бауырсақ сен кіммен қашып бара жатырсың?
Балалар, бауырсақ тағы кімдерден қашып кетіпті?
Бауырсақ сен де біздің балалармен бірге жүр.

Сергіту сәті.
Балалар ертегілер елінен гүлдер мен саңырауқұлақтар теріп, тобымызға оралайық. Балалар қақпадан өтіп, топқа оралады.
Балалар біз тауық пен аюға көмектесу үшін екі орталыққа бөлінуіміз керек.

1. Орталық - саңырауқұлақтар. Аюға көмектесіп, үй қиып жапсырады.
2. Орталық - гүлдер.
Тауыққа жұмыртқа салып сыйлайды.
Саусақ жаттығу.

Рефлексифті түзету Тәрбиеші саңырауқұлақтар орталығына барып, үйдің қабырғасын қандай пішіннен, шатырын, қандай пішіннен жапсырғанын сұрайды.

Тәрбиеші гүлдер орталығына барып, бояу астынан қандай сурет шаққанын сұрайды.

Жұмыртқаның пішіні қандай?
Балалар, сендер жұмыстарыңды кімге сыйлайсыңдар?
Тәрбиеші балалардың жұмысын жалаушалар беру арқылы бағалап, мадақтайды.
Балалар, саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Қонақтармен қоштасу.

Күтілген нәтижелер.
Не білді: ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдай білді.
Не алды: ертегі кейіпкерлерін атай алды.
Не істей алды: қағаз бетін бір бағытта бояй алды.
Қағазды қиып, үй жапсыра алды.

Толық нұсқасын жүктеу
9 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Қызықты ертегілер
Қызықты ертегілер
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Өнер әлеміне саяхат
Өнер әлеміне саяхат
Балаларды ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат” тақырыпқа иллюстрация салу бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×