Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырып: Ертегілер еліне саяхат
Білім беру саласы: «Таным.», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қарапайым математика», «Сөйлеуді дамыту», «Жапсыру».
Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың ақыл ойларын, сөздік қорларын дамыту. Сөзді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
2. Дамытушылық: Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, адал достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ - жауап, қайталау, мақтау.
Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады.
Пән аралық байланыс: математика, сөйлеуді дамыту, жапсыру, қоршаған орта.
Сөздік жұмыс: Үйшік
Билингвальді компанент: Ертегі - сказка, үйшік - теремок, қоян - заяц, түлкі - лиса, қасқыр - волк, аю - медведь, бақа - лягушка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:[
1. Мотивациялық қозғаушылық:
- Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасады.
Ертегілер еліне,
Қонақ болып барайық.
Үлкен - кіші барлығына,
Амандасып алайық,
Кейіпкерлер тапсырмасын,
Орындап бір жанайық.

2. Ұйымдастырушылық – ізденістік:
- Балалар біз өткен сабақта не өттік, қане есімізге түсірейікші.
- Ертегідегі шалқанды кім екті? - Ата
- Әжесі көмекке кімді шақырды? - Немере қызын
- Шалқанды тартуға ең соңғы көмекке не келді? - Тышқан
Дұрыс, балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.
- Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-«Шалқан», «Мақта қызбен мысық», «Жеті лақ», «Шұбар тауық», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» туралы ертегі, «Үш аю», «Етік киген мысық», «Үйшік» ертегісі.
- Жақсы балалар, сендер ертегілерді біледі екенсіңдер. Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат» деп аталады.
Таңғажайып сәт: Есік қағылып топқа хатшы хат әкеліп береді.
- Балалар бізге ертегі ханшайымынан хат келді, мен сендерге оқып берейін сендер мұқият тыңдаңдар.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен ертегі әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек.
- Балалар сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
- Олай болса балалар, бәріміз сиқырлы кілемге отырып, ертегілер еліне сапарға шығайық.(Әуен орындалады).
Қуаныш пен қызықтан арылмайық,
Жүгіріп, секіруден жаңылмайық.
«Үйшік» деп аталатын ертегіде,
Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.
Ол үшін біз балалар «Үйшік» ертегісін сахналауымыз керек.
- Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен.
1. Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Диқанның тұқымын шашпай кетпейді
Қарыны тоқ, қайғысы жоқ.
Мысық қуса жеткізбейді.
- Ол не? -(тышқан) музыка әуенімен кіреді.
Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
- Сүп – сүйкімді, кіп - кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады!- деген дауыс естіледі.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Ақтоғай бекеті,
№3Ақтоғай балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі
Мурумбаева Жанар Аманжолқызы

Ертегілер еліне саяхат. жүктеу
3 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Үйшік (театрландырылған ойын)
Үйшік (театрландырылған ойын)
Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру, түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×