Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшадағы би әлемі

16 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Би өнері
Тақырыбы: «Балабақшадағы би әлемі»
Мақсаты: балалардың эстетикалық қабілеттерін дамыту, дене қозғалыстарының үйлесімділігін, икемділігін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, слайд тақта, атрибуттар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларды музыка әуенімен би залында қарсы алу.
Балалармен амандасу (шапалақтау)
Ритмикалық жаттығулар:
- бас, мойын жаттығулары;
- қол, иық, жаттығулары;
- білек, саусақ
- аяқ, аяқтың басына арналған
жаттығулар;

Ұйымдастырушылық - ізденістік
1. Ойын жаттығулары:
«Көңілді қояндар»
Шарты: Балалар шеңберге тұрып музыка әуенімен қимылдар жасап билейді.

2. Би жаттығулары:
«Қазақ биінің қимылдары» (суреттер слайд тақтадан көрсетіледі).
- молдас, негізгі молдас қимылы;
- қошқар мүйіз, кереге көз қимылы;
- сыйлық, сәндену қимылы;
- айна, білезік қимылы;
- домбыра, киіз үй қимылы;
- бүркіт қанат, қамшы ұстау қимылы;

3. Шағын би қойылымы:
«Гүл ұсыну» биі
1 - бөлшек: 16 такт. Қыздар ішкі шеңберде, ұлдар сыртқы шеңберде отырады. Әуен басталғанда алдымен үш қыз орындарынан тұрады, содан соң үш қыз тұрады. Одан кейін ұлдар тұрады.
2 - бөлшек: 8 такт. Ұлдар мен қыздар қарама - қарсы жүріп шеңбер айналады.
3 - бөлшек: 8 такт. Шеңберден шығып жұп-жұбымен екі қатарға бөлінеді.
4 - бөлшек: 8 такт. Әр бала өз жұбымен қарама-қарсы қолдарын айқастырып айналады, кері бағытта қайталайды.
5 - бөлшек: 8 такт. Ұлдар қозғалып билеп тұрады, қыздар қолдарын төменнен жоғары қарай қозғалтады.
6 - бөлшек: 8 такт. Соңында ұлдар қолдарындағы гүлдерін қыздарға ұсынады.

Рефлекциялық - түзетушілік
Жетекші би сабағын аяқтап, балаларды мадақтап, марапаттайды.
Балалармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үйретілген би жаттығуларын, ойын жаттығуларын, шағын би қойылымын.
Болуы керек: Биге ыңғайлы киімдері.
Қолынан келуі керек: Үйретілген би жаттығуларын жасай алу, биді билей алу.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының хореограф маманы
Жағалбаева Нұрсұлу Саматовна

Толық нұсқасын жүктеу
18 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Чунга - чанга биін үйрену
Чунга - чанга биін үйрену
Би өнері туралы білімдерін тиянақтау, қазақ бишілері туралы білімдерін кеңейту, әуен ырғағымен би қимылдарын дұрыс орындау, өнер адамдарын құрметтеу, әсемдікке, сезімге, еңбекке тәрбиелеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға баулу.
Сопақша
Сопақша
Тіктөртбұрышпен және дөңгелекпен салыстыра отырып сипап сезу қимылы мен көру арқылы сопақшамен таныстыру. 5-ке дейін реттік санау және реттік санды атап «Қайсысы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Ұстазға арнау би қойылымы
Ұстазға арнау би қойылымы
Балаларға би тақырыбын түсіндіре отырып, ұстаздарға деген сый – құрметін арттыру. Биді әдемі, ұқыпты билеуге тәрбиелеу.
Көбелек биінің жүру түрлері
Көбелек биінің жүру түрлері
Көбелек биінің жүру мен жүгіру түрлерін үйрету. Би қимылы арқылы денелерін дұрыс ұстауға қалыптастыру. Әуенді есту, сезіну. Шапшаң қимылдауға баулу. Көбелектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Қозғалмалы ойындар «Көңілді сөре»
Дене сапаларын дамыту арқылы, денсаулықты жақсарту. Оқушыларды тәртіпке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанзаков Жетписпай Рахимович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×