Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үрмебұршақты отырғызу

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Әлеумет» Бөлімі: «Экология негіздері» «Үрмебұршақты отырғызу»
Мақсаты:
1. Үрмебұршақты отырғызу арқылы өсімдіктердің көбеюі туралы алғашқы білім беру.
2. Тұқым отырғыза білу дағдыларын игерту.
3. Еңбекқорлыққа баулу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: бала санына қарай алжапқыш және топырақ салынған стақан, піскен үрмебұршақ, қорапшадағы үрмебұршақ, өсімдік суреттері, стекалар. «Джәк пен үрмебұршақ» ертегісін көрсету.

Мотивациялық – қозғаушылық
Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте!
Гудмонин!
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз: Экология негіздері Балалар экология негіздерінен бізді нені танып білеміз?
Табиғат анамен амандасып алайық.
Армысың, шапағатты күн Ана!
Армысың, қайырымды аспан Ана!
Армысың, мейірімді жер Ана!
Здравствуй, небо голубое,
Здравствуй, солнце золотое,
Здравствуй, матушка земля.

Өткен бөлімді еске түсіру.
Осы мезгілде есік қағылады.
- Бұл кім екен?
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе атай.
- Балалар, мен «шалқан» ертегісіндегі атаймын мен сендерге қонаққа келдім. Сендер мені танисыңдар ма?
Балалар сендер білесіңдер мен егін еккенді жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер.
Сондықтан мен бүгін сендермен бірге үрмебұршақ отырғызғым келіп тұр. Менің сиқырлы қорапшамда үрмебұршақ тұқымы бар.
- Балалар, атай сендерден үрмебұршақ отырғызуға көмектесулеріңді сұрайды. Атайға көмектесеміз бе? Сендер келісесіңдер ме?
Балалар үрмебұршақты екпес бұрын бейнеүзікке назар аударайық.

«Көкөністер туралы» бейнеүзік
Табиғат туралы білеміз.
Армысың, шапағатты күн Ана!
Армысың, қайырымды аспан Ана!
Армысың, мейірімді жер Ана!
Здравствуй, небо голубое,
Здравствуй, солнце золотое,
Здравствуй, матушка земля.

Ұйымдастырушылық - ізденгіштік
1. Білімді өзектендіру.
Үрмебұршақтың суретін көрсетеді.
- Бұл ненің суреті?
2. Үрмебұршақ туралы түсіндіру.
Үрмебұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Сондықтан ол ыстық жақтарда өседі. Үрмебұршақ біздің елімізде де өсіріледі. Үрмебұршақты суық топыраққа отырғызбайды. Сондықтан оны күн жылынған кезде отырғызады. Үрмебұршақ өсу үшін жылу, су, жарық және ауа қажет. Біз бүгін үрмебұршақты қалай отырғызу керектігін үйренеміз және оны атайға қалай отырғызу керектігін көрсетеміз. Тәрбиеші қорапшадан үрмебұршақтарды алып, балаларға таратады. Оның тұқым екенін айтады.
- Балалар, үрмебұршақты алақан арасына салып есіп көрейік, қолға қалай сезіледі? Түсі қандай?
3. Билингвальды компонент: үрмебұршақ – фасоль, отырғызу – посадить.
4. Сергіту жаттығуы.
Шақ - шақ - шақ,
Отырғызайық бұршақ.
Өс - өс - өс,
Алақаныңды тос!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)
Имя прилагательное. Разряды имен прилагательных по значению. Качественные прилагательные
Имя прилагательное. Разряды имен прилагательных по значению. Качественные прилагательные
Арипова Гульзат Орынбековна Учитель русского языка и литературы Актюбинская область, Айтекебиский район, с. Жабасак
В гостях у бабушки Сауле
В гостях у бабушки Сауле
Искендирова Нургуль Мырзабаевна Воспитатель ДО №30 «Ұрпақ» г. Актобе
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×